«Бастауыш сыныптың құзырлы мұғалімі -табысты оқытудағы басты тұлға»



2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа баратын оқушылар туралы ақпарат

(комплектация)

 

2020-2021 оқу жылының басында мектепалды даярлық сыныпқа 95 бала қабылданды, қазақ сыныптарына 74, орыс сыныбына 21 бала. Қабылданған балалардың  қызы – 47, ұлы – 48. Бұл балалар 5 сыныпқа бөлінді:

0 «А» - Баймурзина Қ.Н.- 17/10

0 «Ә» - Саматова Ж.К.- 20/10

0 «Б» - Оспанова А.С. - 19/9

0 «Г» - Туйтенова Г.Е.- 18/8

0 «В» - Нұртаза Л.Ж.- 21/10

1-тоқсанның қорытындысы бойынша 98 бала болды, 2-тоқсанда өзгеріс болған жоқ, 3-тоқсанда 97 бала болды да, 4-тоқсанда 98 бала аяқтады.

Тәрбиешілер инклюзивті оқыту курсынан толық өтті, түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 5 тәрбиешінің үшеуі (Саматова Ж.К., Оспанова А.С., Туйтенова Г.Е.) ІІ санатты, біреуі педагог-модератор.

Баймурзина Қ.Н. – 0 «А» сыныбының тәрбиешісі, еңбек өтілі 5 жыл 9 ай, педагог – модераторды 2020 жылы алды. Саматова Ж.К. – 0 «Ә» сыныбының тәрбиешісі, еңбек өтілі 4 жыл 9 ай, ІІ санатты 2019 жылы алды. Оспанова А.С. –   0 «Б» сыныбының тәрбиешісі, еңбек өтілі 14 жыл 9 ай, ІІ санатты 2018 жылы алды. Туйтенова Г.Е. – 0 «Г» сыныбының тәрбиешісі, еңбек өтілі 11 жыл 9 ай, ІІ санатты 2017 жылы алды. Туйтенова декреттік демалысқа 4-мамырдан бастап шығып, орнына Асаңханова Ә.Қ. жұмысты жалғастырды. Еңбек өтілі 3 жыл 4 ай, санаты жоқ. Нұртаза Л.Ж. – 0 «В» сыныбының тәрбиешісі, еңбек өтілі 5 жыл 9 ай, санатсыз.

Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды:

«Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Таным».

Қатынас білім беру саласы бойынша айтатын болсақ; жыл басында балалардың көпшілігі әріпті танымайтын, ойын ашық жеткізе алмайтын, ұяң болатын. Тілдері дұрыс дамымаған. Балалар 2-тоқсаннан бастап қана мұғалімге үйренісіп ашыла бастады. Мәтіндер бойынша әңгімелеуді, ойларын толық жеткізуді үйренді. Тілдері жаттығып, дыбыстарды дұрыс айтуға бейімделді.

3-тоқсанда мектепке келіп оқыған соң балларда қызығушылық пайда бола бастады. Тоқсан аяғына дейін балалардың басым бөлігі әріптерді танып, олардың дауысты, дауыссыздарын ажыратып, дыбыстық талдау жасап, буынға бөлетін болды. Сауат ашу пәнінен өткен әріптерді шығармашылықпен байланыстырып, ермексазбен, санамақтармен, сіпіңкемен әріп нобайын көрсетіп үнемі салып отырады. Жалпы айтатын болсақ, даярлық сыныбының ішінде азғантай баланың есте сақтау қабілеттері төменірек, әріптерді ұмытып қалады, шатастырады, буынға бөліп, әріптерді қосып оқуға қиналады.

Шығармашылық білім беру саласы бойынша; Балалардың құзіреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық аспаптарын таниды, суреттерін сала алады, аттарын жатқа біледі.

Таным білім беру саласы бойынша көрсеткіштер; балалар 1-20 дейінгі сандарды таниды, 1-20 дейін сандарды қосып алады, сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады. Мысалдар мен есептер құрастыра алады және оларды шеше алады.

Балалардың даму үлерімі мен оқу үлгерімдері бойынша мынандай деңгейді көрсетеді:

-сыныпта тыңдалым жақсы;

-әр бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие;

-әр бала өзінің білетінін жасай алады.

Осы білім салалары бойынша мектепалды даярлық тобы жақсы көрсеткіштерді көрсетеді.

Тәрбиешілер «Білім ленд», «Ай мектеп» платформаларынан сабаққа керекті мәліметтер алып, пайдаланып отырды. Оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке қарсы тұра білуге баулуды әр ұстаздың міндеті.

2020-2021 оқу жылының соңында мектепалды даярлық сыныптарын барлығы 98 бала аяқтады. Олардың 75 – і қазақ сыныптарында, ал 23-і орыс сыныбында отырған балалар.

0 «А» сыныбында – 22 бала бар еді, 1 оқушы №6 мектептен, 1 бала үйден келіп тіркелді де, 1 оқушы облыстан келді де, алдағы оқу жылында 1 оқушы орнында қалатын болғандықтан бұл сыныпта 26 бала еді, соның 1-і орыс сыныбына ауысып, 25 қалды.  0 «Ә» сыныбында – 19 бала еді, қала мектептерінен 6 бала, 1 оқушы облыстан, 1 оқушы үйден келіп, керісінше 2 оқушы қала мектептеріне кетті де, 25 бала қалды. 0 «Б» сыныбында  - 16 бала еді, 4 бала қала мектептерінен келіп, 1 оқушы республикадан келіп, 2 бала үйден келіп тіркеліп, барлығы 24 бала болды. 0 «Г» сыныбында  - 18 бала бар еді, «Раушан» балабақшасынан 1 бала тіркелді, қаладан 3 бала, үйден 3 бала келіп тіркеліп, барлығы 25 бала болды. 0 «В» сыныбында 23 бала бар еді, балабақшадан 4 бала, үйден 1 бала тіркелді де барлығы 28 бала болды да, А сыныбынан 1 оқушы осы сыныпқа ауысты. Барлығы 29 бала болды.

Жалпы айтқанда, барлық оқушы саны – 129 бала, олардың қазақ сыныбында –100, орыс сыныбында– 29.

Сакура базасына әр сынып комплектациясын жасаған уақытта қазақ сыныптарында 25 баладан отыруы керек деп артық бала алынбады. Орыс сыныбына ғана 30 оқушыға дейін тіркелуге мүмкіндік бар.

        


Коронавирустық  инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары

Коронавирустық  инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары  кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес  Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде 1-сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейін контингенті бар 10 кезекші сынып ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта кезекші сыныптарда 139 оқушы бар.

Кезекші сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру үшін:

 

  1. басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақтың икемді кестесін жасау;
  2. кабинеттік жүйені алып тастау, әрбір сынып белгілі бір кабинетте орналасады;
  3. әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
  4. оқушыларға  кабинеттер арасында жүруіне тыйым салынады;
  5. мектепке кіру кезде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтардың температурасын күн сайын өлшеуі;
  6. маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
  7. оқу үстелдерін 1,5 метр қашықтықта орналастыру;
  8. кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
  9. әрбір сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;
  10. әр екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;
  11. дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасында ылғалды жинау;
  12. күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар  анықталған, карантин жарияланған  және барлық сыныпты қашықтықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін  бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған  жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинет жұмыс істеуі.