«Адалдық пен әділдік»
Мектебімізде «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Адал ұрпақ» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Адалдық пен әділдік» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары:
Шаимов Ботабай Мұстафинович - Ардагерлер кеңесінің мүшесі, қаламыздың құрметті азаматы, саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардақты ұстаз.
Қабылан Нұрсұлтан Асыланұлы - Мектебіміздің мақтан тұтар түлегі, қазақ күресі мен дзюдодан Азия және Әлем чемпионы.
Шараның шымылдығын 11 «А» сынып оқушысы Төлеген Нұргелді домбырамен құлақтан кіріп, бойды алар әсем термемен ашты.
Кездесу барысында қонақтар оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, адал азамат болудың маңызы мен адамгершілік құндылықтар жайында ғибратты ойларымен бөлісті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кездесудің жандана түсуіне атсалысты.
Шара соңында мектеп басшысы Мукашева Кулназия Жумабаевна келген қонақтарға мазмұнды кездесу үшін алғыс айтып, мектеп атынан Алғыс хаттар табыс етті.
Ұйымдастырушы: «Адал ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Бекентаев С.Ж.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/jirmeler/adal-rpa-kluby.html#sigFreeIdbbc887ebae
«Адалдық — ардың ісі» шығармашылық сайысы
Бүгін мектебімізде «Адал Ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен «Адалдық — ардың ісі» атты шығармашылық сайыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және оларды өмірде ұстануға тәрбиелеу болды.
Сайыс барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, адалдық тақырыбын түрлі бағытта ашып көрсетті. Қатысушылар эссе жазу, сурет салу, PixVerse қосымшасымен жұмыс жасау секілді кезеңдер бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Әрбір оқушы өз туындысы арқылы әділдік пен ар-намыстың мәнін терең түсіндіріп, қоғамдағы адалдықтың маңызын шығармашылық тұрғыда жеткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша 8 «Ә» сынып оқушылары Жетіошақ Інжу мен Түгел Еркеназ белсенділігімен және ерекше еңбегімен көзге түсіп, марапатталды.
Мектеп әкімшілігі мен «Адал Ұрпақ» клубының жетекшілері жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, осындай тәрбиелік мәні зор шаралардың оқушылардың тұлғалық дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.
Іс-шарадан бейнематериалды мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.instagram.com/reel/DQa9ShNjOhd/?igsh=NTR0dWM5a25yaWF6
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/jirmeler/adal-rpa-kluby.html#sigFreeId17a256118e










