"Мектеп - өнер мен шығармашылық кеңістігі"
Ағымдағы жылдың 6-сәуірі күні "Мектеп - өнер мен шығармашылық кеңістігі" тақырыбында Кейкі батыр атындағы мектеп ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Қызылжұлдыз, Екідің ауылдарының оқушыларына арнайы мәдени-көпшілік іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты - аталған оқушылардың бір күндік демалыстарын пайдалы, тиімді өткізіп, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуларына қолдау білдіруге бағытталған. Оқушыларға мектеп тарихы, Кейкі батырдың мектеп мұражайы таныстырылып, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6-7 сынып оқушыларының әзірлеген сахналанған қойылымдары көрсетілді. Түрлі қиындық кезінде мойымау, бойдағы қорқыныш, үрейді жеңіп, өзіне деген сенімділікті нығайту дағдысын қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары тренинг өткізді. "Үйірменің үйретері көп" екендігін "Робототехника" мен "Шебер қолдар" үйірмелерінің жетекшілері Ж. Бек-Әбіл мен Н. Баянбаева дәлелдеп, оқушылардың шығармашылық тұрғыдан өздерін дамыта білу керек екендігін көрсетті. Арнайы дастархан жайылып, түрлі тәттілер ұсынылды. Демалыстарының сәтті ұйымдастырылғанын жасырмаған оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдіріп, тарқасты.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/resurs-ortalik.html#sigFreeId63f796d2dd









