Қандай ауа-райында сабақ болмайды
Егер желдің күші секундына екі метр болса,
-28 градуста 1-4 сынып оқушыларына,
-32 градуста 5-9 сынып оқушыларына,
-34 градуста 10-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Егер желдің күші секундына 2 метрден асса, -23 градуста 1-4 сынып оқушыларына, -27 градуста 5-9 сынып оқушыларына, -29 градуста 10-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне оқу шегеріледі.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы»
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 12 - қаңтары күні кезекті Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңес күн тәртібінде ер балалар тәрбиесі жөнінде мәселе қаралып, мектепте ер балалардың арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамда ер балалар арасында кездесіп жатқан түрлі зиянды, қоғамға жат іс - әрекетттерден балалардың аулақ болуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта жалғастыру қажеттігі айтылды.
Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды сынып жетекшілер де үнемі басты назарда ұстап, сыныпта тәрбиелік іс - шараларды тұрақты түрде өткізіп, ата - аналарды да ақпараттандырып отыру қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар күн тәртібінде сабақтан кешігіп келетін оқушылардың да мәселесі қаралды. Мектеп директоры сабақтан кешігетін оқушылар күнделікті әкімшілік назарында екендігін және бұл жөнінде арнайы тіркеу журналы жүргізіліп отыратындығын айтты. Жүргізілген зерделеу жұмыстары бойынша өткен жарты жылдықта сабақтан себепсіз жиі кешіккен оқушылардың тізімі жасалып, кеңес күн тәртібінде аталған оқушылардың дербес істері қаралып, бұл жөнінде сынып жетекшілері себебін айтып, жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Кеңеске төрағалық еткен мектеп басшысы барлық сынып жетекшілерге мұндай кемшіліктерді шұғыл түрде жою керек екендігін айтып, кезең бойынша ата - ана, оқушымен қажетті жұмыстарды жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды және ҚР Әкімшілік Кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамау» атты 127 - бабына сәйкес, ата - ана бала алдындағы міндетін орындамаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығын да айтып өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша аталған оқушылардың мәселесі алдағы уақытта кезекті кеңестің күн тәртібінде қаралатындығы жөнінде ескертіліп, сынып жетекшілерге балалар және олардың ата - аналарымен жұмыстар жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/mektepti-leumettik-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId95f1fb0531
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/mektepti-leumettik-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId00cd8a67ad










