Жадынама терроризмнің алдын алу немесе терроризм қаупі төнген кездегі қауіпсіздік ережелері


«Жасыл ел 2025» бағдарламасы аясында
"Жасыл ел 2025" бағдарламасы жастарды экологиялық жобаларға тарту және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Бағдарламаның Мақсаты
"Жасыл ел" бағдарламасы жастарды қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысуға тарту үшін құрылған. Бұл бағдарлама жастарға еңбек ету мүмкіндігін ұсынып, әлеуметтік осал топтарға басымдық береді.
"Жасыл ел 2025" бағдарламасы жастарға экологиялық жобаларда жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бағдарламаға қатысқан оқушылар қала әкімінің алғыс хаттарына ие болды.



Өрт кезіндегі эвакуациялау бойынша оқу - жаттығу

Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебіінде 2025 жылдың 20 мамырында өрт кезіндегі эвакуациялау бойынша оқу - жаттығу өткізілді.
Аталған оқу - жаттығу жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, іс - шараға барлығы 224 оқушы мен мектеп қызметкерлері толықтай қатысты.

Эвакуациялау алдын ала белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілді.
Барлық қатысушылар дабыл сигналы берілгеннен кейін белгіленген уақыт аралығында мектеп ғимаратынан шығып, қауіпсіз аймаққа уақтылы және ретті түрде жеткізілді.

Оқу - жаттығу барысында:

  • Оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі өзін - өзі ұстау және қауіпсіздік шараларын сақтау дағдылары пысықталды;
  • Мұғалімдер мен қызметкерлердің эвакуацияны басқару және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеттері тексерілді;
  • Жалпы мектеп ұжымы арасында төтенше жағдайға дайындық деңгейі бағаланды.
  • Оқу - жаттығу жоспарға сәйкес және ұйымдасқан түрде өтті. Қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар толықтай сақталды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған орай мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын ескерту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып, ​ өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.


Мектепішілік ата - аналар жиналысы

14-ақпан күні кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Өз іс-әрекеттерінің шынайы салдарын болжай алмау, балалық шақ кезеңіне тән өмірлік тәжірибенің болмауы - балаларда үмітсіздік, шарасыздық сезімін тудыру мүмкін. Осындай жағдайларда ересектердің міндеті-жасөспірімнің болған жағдайдан шығудың жолы жоқ деген ойға жол бермеу. Жиналыста ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы аутодструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар айтылды, жадынамалар таратылды және түрлі жаттығулар орындады. Сондай-ақ, мектебімізде Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Білім беру ұйымдарында және психологиялық қолдау орталықтарында білім алушыларға психологиялық көмектің формалары мен әдістері» тақырыбында өтіп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының тренері "Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында баяндама жасады. Білікті маман Әсем Бауыржанқызы ата-аналарға табысты, бақытты бала тәрбиелеу жолында қандай да бір қателіктерге бой алдырмау үшін ұстанатын қарапайым ережелер бойынша ашық диалог жүргізді. Нәтижесінде жиналыста берілген барлық ақпараттар арқылы күнделікті өмірде ұсақ-түйек деп саналатын мәселелердің балаға деген әсері жайлы түсінгендерін, түйгендерін ортаға салып, ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті.


Су тасқынының алдын алу

Бүгін мектеп оқушыларына су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері таныстырылып, оларға қатысты маңызды ақпараттар берілді. Сондай-ақ, осы тақырып бойынша бірнеше бейнемазмұндар көрсетіліп, оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуі қамтамасыз етілді. Видеороликтерде су тасқынының алдын алу шаралары, алғашқы көмек көрсету әдістері, эвакуация ережелері және қауіпсіз аймақтарды таңдау туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін есте сақтау, оларды іс жүзінде қолдану маңыздылығы түсіндірілді. Бұл шара оқушыларға өздерін және айналасындағы адамдарды су тасқыны кезінде қауіпсіз ұстау туралы білімдерін арттырды.


Кездесу

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық және буллинг, әлімжеттік мәселелері. Осыған орай жасөспірімдер арасында зорлық - зомбылық пен қысым, буллинг әрекеттерінің өсуіне жол бермеу мақсатында Арқалық қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Бекенов К. А, Арқалық қаласы ПБ КПб аға жедел уәкілі полиция майоры С. Ибрагимов, Арқалық қаласы ПБ ЕҚҚІҚт аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А. Камалиев, Арқалық қаласы ПБ ЭҚІҚт жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А. Кайндинов құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы есірткі қылмыстарын болдырмау, лже терроризмнің алдын алу, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 - 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде оқушы мектеп Ережесін сақтауға міндетті екені де айтылды.

 


І жарты жылдық қорытындысы

08 қаңтар күні сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі жұмыс жоспарына сәйкес жарты жылдық қорытынды отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып оқушыларының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде мониторинг жасалып, сынып ұжымының қатысу белсенділігі, қатысу деңгейі айтылды. Аталған мәселе бойынша олқылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, сынып сағаттарын қызықты, тиімді өткізу, заманауи әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды пайдалануды жетілдіру мақсатында сынып жетекшілердің тәжірибе алмасу жиындарын өткізу жоспары құрылды. "Жаңартылған біртұтас тәрбие" бағдарламасының құндылықтары бойынша өткізілген жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жарты жылдық жоспарымен таныстырылды және нәтижелі жұмыс жүргізуге ұсыныстар жасалды.

Мектепте ата-аналармен жұмысты жандандыру бойынша "Идеялар банкі" әдісі өткізіліп, сынып жетекшілер өз ұсыныстарын жазып жәшікке салды және ең үздік идеялар жұмыс жүргіузде ескерілетіндігі айтылды.


Біз таңдаған жол-жарқын болашаққа жетелейді

Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Арқалық қалалық филиалы ардагерлер ұйымымен бірлесіп, "Біз таңдаған жол-жарқын болашаққа жетелейді" тақырыбында кездесу болды. Мұнда ардагерлер ұйымынан Б.А.Қалтаева, Ғ.Ж. Бейсенғалиев, Арқалық қаласы полиция басқармасынан Қ.А.Бекенов қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында 9-11 сынып оқушыларына нашақорлық пен діни экстремизм жайлы кең көлемде ақпарат берілді.


«Сіздің жолаушыңыз - бала»

Ағымдағы жылдың 13-19 қараша аралығында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды республикалық акциясы шеңберінде Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясына қатысты. 8-10 сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелері мен белгілері және кәмелетке толмағандардың кінәсінен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара мақсаты: автомобиль салонында балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстау құрылғыларын қолдану қажеттілігіне жұртшылықтың, көлік құралдарының жүргізушілерінің назарын аудару.


11 қараша - Халықаралық энергияны үнемдеу күні.

Бұл күн - энергияны тиімді пайдалану мен үнемдеудің маңыздылығын атап өтетін ерекше күн.

Әлем бойынша адамдарды энергия ресурстарын үнемдеуге, экологиялық таза технологияларды қолдануға және тұрақты даму принциптерін ұстануға шақырады.

Энергияны үнемдеу - бұл тек экономикалық пайда емес, сонымен қатар біздің планетамыздың болашағы үшін жауапкершілік.

Күнделікті өмірде қарапайым әрекеттер арқылы, мысалы электр құрылғыларын өшіру, тиімді энергия жарықтандыруды қолдану, қоғамдық көлікті пайдалану арқылы біз үлкен өзгерістерге қол жеткізе аламыз.

Экологиялық тепе-теңдікті сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу мақсатында 5 "А" сыныбы оқушылары үшін "Энергияны үнемдеу - бұл біздің болашағымызды қорғау" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Оқушылар түрлі энергия көздерін пайдаланудың экологияға қаншалықты пайда келтіретінін, энергияны үнемдеудің маңыздылығы туралы роликтер тамашалап, өзара пікір алмасты.

Сынып жетекшісі Ермаганова Мадина Амановна


Құқық бұзушылықтың алдын алу

Арқалық қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы: полиция капитаны Бекенов К.А. мектеп оқушыларының таңғы сабаққа келуінен бастап тексеріп, кешіккен оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектепте сыныптарды аралап оқушылардың түнгі уақытта жүрмеу, біреудің затын рұқсатсыз алмау, сабақ арасында мектеп тәртібін бұзбау, зиянды заттардан аулақ болу, электрлівелосипедтермен жүрмеу сияқты тәлім-тәрбие беру мақсатында оқушыларға түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.



Тамақтану сапасы бақылауда

Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия асхана жұмысының ұйымдастырылуын және санитарлық жағдайына бақылау жүргізді. Бақылау барысында асхана жабдықтары мен ыдыспен қамтылуын, дайын тағамдардың сапасын, бекітілген мәзірге сай берілуін қадағалады.

Атауы Жүктеу
1 Чек - лист мониторинга за организацией школьного питания

Сейсмо оқу-жаттығу жиыны

"Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі" хатына сәйкес, білім беру объектілерінде сейсможаттығу (жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-шаралар, эвакуциялауды ұйымдастыру, дабыл қоржынын жинақтау және т.б.) шарасы өтті. Аталған шараға білім беру мекемесінің барлық педагог қызметкерлері мен қызмет көрсету персоналы қатыстырылды. Тәрбие ісінің орынбасары, шарауашылық меңгерушісі төтенше жағдай бола қалған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайында бейнеролик көрсетіп, дабыл қоржынын жинақтау бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ, мектеп медбикесі Жалмишева Р.А. жарақат алып қалған жағдайда адам өзін қалай ұстау керек және қасындағы адамға қандай көмек көрсетуге болатыны жайында түсіндірді.


Іс-тәжірибе

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық іс-тәжірибе үлкен рөл атқарады. Педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында шеберлігі артады. Мектебімізге тәжірибеден өтуге келген болашақ ұстаздармен мектеппен таныстыру, ұстаздықтың алғашқы әліппесімен таныстыру мақсатында әңгімелесу өткізілді. Мектебіміздегі мұражайда болды. Баламен жақсы қарым-қатынас орнатуда кеңес берілді.


Лаңкестік-адам өміріне төнген тосын қатер. Ұжым мен оқушылардың өмір қауіпсіздігәнің алдын алу мақсатында арнайы бұрыш безендірілген. Бұрышта өрт және кез-келген тқтенше жағдай кезінде қандай шұғыл байланыс телефондарына хабарласу керек, қандай әрекетке барк керек екендігі мемлекеттік және ресми тілде түсіндіріліп жазылған.


2023-2024 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысы

 

2023 - 2024 оқу жылының жоспарына сәйкес, мектепте:

1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізіліп, аталған күні 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйек айының алғашқы аптасында Оқу-ағарту министрлігі тарапынан әзірленген Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен өзектілігін және мектептің тәрбие жұмысында сәтті жүзеге асырылуын түсіндіру, ақпараттандыру мақсатында педагогикалық кеңесте мәселе қаралып, тәрбие жоспары әзірленді.

Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, мектеп оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмір қозғалысын дамыту мақсатында «Денсаулық фестивалі - 2023» іс-шарасы өткізіліп, спорттық іс-шаралар мен сайыстарға 1-11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары мен 300 – ге жуық ата-ана қамтылды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру мақсатында олардың бойындағы қызығушылықтарына сәйкес мектепте спорттық секциялар мен зияткерлік, отбасылық, құқықтық, патриоттық, эстетикалық т.б. бағытта барлығы – 16 үйірмелер ашылып, оған мектептің – 575 оқушысы қамтылды.
Оқу-ағарту министрлігі тарапынан әзірленген «Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, қыркүйек айында «Сергіту сәті», қазан айында «Әнұран айту», қараша айында «Асық ату» және желтоқсан айында «Болашаққа хат: шығарма жазу» іс-шаралары өткізіліп, барлық мектеп оқушылары қамтылды.

Оқу-ағарту министрлігі тарапынан әзірленген "Төрт тоқсан төрт өнер" жобасы аясында І тоқсанда "Айтыс-қазақтың төл өнері" жергілікті айтыскер ақындармен кездесу өткізілсе, ІІ тоқсанда «Алтын сақа» ұлттық-мәдени ағарту бағдарламасы бойынша қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Қазақтың ұлттық ойыны «Асық» атты сынып сағаттары, «Бес асық», «Бес табан» ойындарынан челлендж, «Асықтар көрмесі», «Алтын сақа» викториналық сайыстары өткізілді.

Оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында "Бір сұрақ- 1 бауырсақ" челленджі. Ұлттық салт-дәстүр бойынша сұрақар қойылып, дұрыс жауап бергендерге бауырсақ үлестірілді.

#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert


"Қауіпсіз жол қозғалысы" онкүндігі аясында өткізілген "Жүргізушіге хат" челенджі.

Челлендж ережесіне сәйкес, даярлық сыныбы оқушылары ЖЖЕ тақырыбында сурет салып, жабыстыру жұмыстарын орындап, жүргізушілерге табыстау керек болған. Аталмыш шараға мектебіміздің мектепалды даярлық сынып бүлдіршіндері өз жұмыстарын жүргізушілерге табыс етті. Көлік жүргізушілерге дайындаған хатында жолда абайлап жүру және әр жүргізуші жол ережесін сақтап жүру керектігін ескерту мақсатында жасалған. Бала-болашағымыз. Балаларымыздың қауіпсіздігіне жауаптырақ қарайық- деген үндеуі көлік тізгіндеген ересектер жүрегіне жетті деген сенімдеміз.


Оқуға құштар мектеп

"Талап" құндылығы мақсаттарына сәйкес, мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы жанданып келеді. Ел болашағы жарқын болсын десек, ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарауымыз керек. Кітап-рухани азығымыз. Рухани бай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында әр сәрсенбі сайын, үлкен үзілісте, сынып оқушыларының бірігіп кітап оқуы енгізілді.


Қасиетті қарт Торғайдың төсіндегі бабалар сырын шерткен мұражайларға Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен және тарих пәнінің мұғалімі Бекентаев Сұңғат Жұмабекұлының жетекшілік етуімен 4-5 қараша күндері мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары саяхаттап қайтты. Саяхат барысында 18 ғасырда өмір сүрген жоңғарларға қарсы күрескен қазақ халқына танымал батыр, би әрі тархан атағын алған Шақшақ Жәнібек батыр мұражайын, 19 ғасырда өмір сүрген Торғай жерінде алғаш мектеп ашып қазақ баларының сауатын ашқан Ыбырай Алтынсарыұлының мұражайын, Алаш зиялыларының бірі ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы мен "Оян қазақ" деп жырлап барша қазақтардың рухын оятқан Міржақып Дулатұлының мұражайларын Торғайдағы музей қызметкері, әдіскері Аубакирова Альбина Дулатқызы оқушыларға таныстырды. Саяхаттан рухани демалып, оқушылар жақсы әсер алып қайтты.

25-қазан Республика күні мерекесіне орайлыстырылған жұмыс жоспарына сәйкес, мектебімізде «Ән-жырым сенсің, аяулы Атамекенім» патриоттық әндер байқауы өтті.

Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюгетәрбиелеу, мерекенің маңыздылығын ұғындыру; жаңа дауыс иесін анықтау.

Байқауға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар байқау ережесіне сай жанды дауыста өнер көрсетті және сахналық киім дайындап мерекенің көрігін қыздырды.


«Үндестік» жобасы шеңберінде оқу-тәрбие процесінде жүргізілген жұмыстар

Бүгінгі таңда білім беру ұйымы мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл заманауи білім беру жүйесін жаңғыртуды ескере отырып қарастырылуда. Өзара әрекеттесу ата-аналарға білім беру қызметтерінің «тапсырыс берушілері» ретінде, сонымен бірге олардың сапасын дұрыс бағалай алатын және білім беру қажеттіліктері мен оқу процесін өзін-өзі ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес оқушылардың оқу іс-әрекетін оңтайландыруға қатысатын белсенді, адал және жауапты тұтынушыларды бағдарлауды қамтиды. Мұның бәрі әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары бойынша ата-аналармен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас құру қажеттілігін қарастырады. Білім беру ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылы қазіргі білім беру стратегиясында белгіленген ынтымақтастықтың жаңа нысандары арқылы құрылады.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында мектебімізде ата-аналарды қатыстырған іс-шаралар өтті. Мектебімізде үшінші желтоқсан айында үндестік жобасы аясыда 3 сыныптар арасында ата-аналарымен "Отбасы-өмір айнасы" тренингі өтті. Іс-шара өте жоғарғы деңгейде болды.

Мақсаты: Мектебіміздегі ата-ана, мұғалім, оқушылар арасындағы үштік одақты қалыптастыру. Тренинг соңында жақсы атсалысқан ата-аналар марапатталып, отбастарына амандық, шығармашылық табыстар тіледі. Ата-аналар тренинг соңында ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне және ұстаздарға өз ризашылықтарын айтты. Бұл үштік одақ бойынша жүргізіліп отырған іс-шаралардың керек екенін, бір уақыт балаға көңіл бөлген дұрыс екенін де айта кетті.

Ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні мектебімізде үндестік жобасы аясында 5-7 сыныптардың ата-аналары арасында дойбы жарысы өтті.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ата-анамен мектептің арасындағы тәрбие саласындағы көпірді нығайту.

Жарыс қортындысы бойынша Жеңімпаздар мадақтамалармен марапаталды.  Жарысқа қатысқан барлық ата-аналарымызға үлкен алғыс айтамыз. Бала тәрбиесіндегі бірлігіміз арта берсін.

Ұйымдастыршы: Кажиков М, Бортин Р

Мектебімізде бүгін үндестік жобасы аясында 3 сыныптар арасында ата-аналарымен "Отбасы-өмір айнасы" тренингі өтті. Іс-шара өте жоғарғы деңгейде болды.

Мақсаты: Мектебіміздегі ата-ана, мұғалім, оқушылар арасындағы үштік одақты қалыптастыру. Тренинг соңында жақсы атсалысқан ата-аналар марапатталып, отбастарына амандық, шығармашылық табыстар тіледі. Ата-аналар тренинг соңында ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне және ұстаздарға өз ризашылықтарын айтты. Бұл үштік одақ бойынша жүргізіліп отырған іс-шаралардың керек екенін, бір уақыт балаға көңіл бөлген дұрыс екенін де айта кетті. 3 "Б" сынып оқушысы Калыбекова Балым "Алғыс" әнін орындады Анасы: Абдрахманова Арайлым.

Ұйымдастырушы: 3 сынып жетекшілері және әлеуметтік педагогтар.

Оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында "Үндестік" жобасы аясында 6 сыныптар мен ата-аналары арасында өткізілген "Миллион кімге бұйырады" танымдық ойыны өтті. Ойының мақсаты әр түрлі пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты дамыту. Бұл ойынның ерекшелігі ата-ана мен оқушы жеке команда бойынша шықты. Жалпы командалар екеу болды. Ойынның нәтижесінде қатысқан екі командалар алғыс хатпен марапатталды.

Өткізген: "Отбасы" үйірме жетекшісі Какимжанова А. К.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сол себепті де ата-аналармен үндестік жобасы аясындағы жұмысымызды осындай маңызды тақырыптарға арнадық. 6-қаңтар күні "Мамандық-болашақ кепілі" атты іс-шара мектебіміздегі 9 "А","Ә", "Б", "Г", "В" сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен жүзеге асты. Қатысушылар арасында жайлы психологиялық ахуал жасау және әр сыныптың ата-аналары бір-бірімен жақынырақ таныссын деген мақсатта "Танысу" тренингімен бастау алып, "Болашақ мамандық балалар көзімен" және "Болашақ мамандық ата-ана көзімен" тақырыптарында постер жасаумен жалғасын тапты. Бұл тапсырмаларды қатысушы оқушылар да, ата-аналар да аса қызығушылықпен орындады. Келесі өзекті деген тақырыпарға арналған "Менің пікірім" айдарымен өткен кезең шарамыздың көрігін қыздырды. Қатысушы ата-аналарымыз үшін түрлі мамандықтарға арналған әндер жасырылып, сергіту сәті де сәтті ұйымдастырылды. Шара соңында барлық қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлерін стикерлерге жазып, тілек ағашына жабыстырды және ата-аналарға әкімшілік атынан алғыс хаттар табысталды. Ұлттың ұлықтайтын ең қымбатты дүниелері болары анық. Ұлттық құндылық біздің ұрпағымызды тәрбиелейтін асыл қазына. Сол асыл қазынамызды ұлықтау, мол мұра етіп қалдыру біздің басты парызымыз.

10 ақпан күні Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттық құндылықтарымыз – асыл қазынамыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Елге адал қызмет жасап, бар күш-жігерін, маңдай терін төккен ұлтжанды аналарымыз бүгінгі кездесуіміздің қадірлі де құрметті қонақтары, қаламыздың аналар кеңесінің төрайымы Қалтаева Бақытжамал апамызбен, мектебіміздің ата-анасы Жүсіпқызы Түймегүл апамыз болды. Болашақ ұрпақтың бойына салт-дәстүрлеміз бен ұлттық тәрбиені бойларына сіңірту.

Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты да осы. Асыл қазынамызды ұрпақ бойына сіңіру. Асыл қазынамызды дәріптей білетін, бүгінгі қадірлі қонақтарымызға сұрақтар қоя отырып, оқушыларымыз ұрпаққа өнеге болатын мағлұмат алды. Іс-шарамыздың қорытынды сөзін мектеп басшысы Кульназия Жұмабайқызы, осындай кездесулер жалғасын тапсын деп тілек білдірді. Өйткені салауатты, саналы шәкірт тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Мектебімізде 12 ақпан күні "Үндестік" жобасын жүзеге асыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында шахмат ойыны өтті. Жақсы ойын көрсеткен қатысушыларды мектеп әкімшілігінің атынан мақтау қағазымен марапаттады.

Ұйымдастырғандар: Хасенов Б.А., Амиркулов К. С.

"Үндестік" жобасын жүзеге асыру мақсатында 24 ақпан күні "Баланың бас ұстазы- ата-ана" атты бастауыш сынып ата-аналарымен тренинг өтті.

Мақсаты: Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу. Тренинг барасында "Бес қадам ", Ашулы шарлар", "Ең әдемі көздер", "Пирамида", "Жапырағым" әдіс тәсілдері қолданылды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, баланың жақсы жаққа қарай тәрбиелеу туралы сөз қозғады.Бірлесе жұмыс жасап, белсенділік таныта білді.

Өткізген бастауыш сынып мұғалімдері: Ибатова Г.Ш , Қасымхан Б.Б.

3 наурыз күні 11 «А» сынып оқушыларымен «Үндестік» жобасы аясында келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ана өмір шуағы" атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шарада оқушылар аналарына деген жылы лебіздерін білдіріп, ән айтып, көрініс қойылып, бірнеше ойындар ойнатылды. Ата-аналар белсенділік танытып, соңында керемет көңіл күй сыйлағандары үшін сынып жетекшісі  Гаухар Сакенқызына және мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай мектебімізде "Үндестік" жобасы аясында мектеп оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мерекелік іс-шаралар өтті.

06.03.2023ж. мектебіміздің Рәсім залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай және «Үндестік» жобасы аясында ұйымдастырылған 8- 1 сыныптар арасында тақырыптық ток-шоу өткізілді. Бұл кеште өмірден 1 түйгені мен көргені көп, өнегелі қария аналарымыз қатысты.

Мақсаты: өсіп келе жатқан қыз балаларға дұрыс жолмен жүруге, құрметті, сыйлы болуға тәрбиелеу, оқушыларымызды қарт аналарымыздың өнегелі сөздерімен сусындандыру. Мерекелік кешке  Мусагулова Әсия Рахимовна, Досмаилова Мина Мурзабаевна, Ахметжанова Гульмира Қабдоллаевна және Булиндина Батима Ибраевна апаларымыз қадырменді қонақ болды. Ол кісілермен жүргізген сұхбатта оқушылар өздеріне қазіргі мен бүгінгі тәрбиенің айырмашылықтарын түсініп, ақыл кеңестер алды. Қонақтарымыз дұрыс тәрбиеге бағыттар жол көрсетіп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерді, қол өнер сырларымен де бөлісті. Кеш соңында көрермендер мен қонақтар ана туралы әнмен аяқтап, мектеп ұжымыға алғысын білдірді.

Өткізгендер: Бекмуратова Г.С., Самотина Л.В.

https://www.instagram.com/p/CodwX76qR_0/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/CpS8cEBqqgu/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/CqKWbEEqMUR/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/reel/CpmpUsKqWQ7/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/reel/CnNaDjnpkKU/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/Coi6HM4KyRW/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/CpCARQsK2SI/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/CnAXXIXKnD8/?utm_source=ig_web_copy_link

Дайындаған:Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекентаев Сунгат Жумабекович

 


Мектептің тәрбие жұмыстары

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және

патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  1. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның

қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  2. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,

психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  1. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби

қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

  1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін

және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

  1. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,

жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  1. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен

психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

         Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  1. Рухани-адамгершілік тәрбие
  2. Ұлттық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  5. Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде 19 үйірме, клубтар атқарды. Олар: «Зерде», «Жанұя», «Әділет», «Адал Ұрпақ», «Жас сарбаз», «Палитра», «Соло +», «Тілашар», «Ағылшын», «Интернет», «Робототехника», «Книголюб», «Жас шебер» , «Бағдаршам», «Баскетбол», «Футбол», «Волейбол», «Жас құтқарушы», «Атамекен». 345 оқушы клуб, үйірме жұмыстарына тартылған. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық клуб, үйірмелер: «Жас сарбаз» клубы – 40 оқушы, «Волейбол» үйірмесі -30 оқушы, «Баскетбол» - 30 оқушы, «Футбол» үйірмесі -30, «Дойбы» - 15, «Тоғызқұмалақ» - 10, «Шахмат» - 10  оқушыны қамтыған.

Жалпы мектепішілік спорттық іс-шаралардға тартылған оқушы саны 165.  Клуб, үйірме және секциялар оқу жылының басында жұмыс жоспарын жасап, мектеп директорына бекіттірді. Оқу жылының барысында демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында клуб, үйірме, секциялар жұмыс жасап отырды.

Еліміз Қазақстан – 2030 стартегиясын мерзімнен бұрын жүзеге асырды. Сонымен қатар 2050 стратегиясы, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет», Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастағанын түсіндіре отырып, әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет.

  1. Оқу орының маңдайша қазақ тілінде жасалған.
  2. Мемлекеттің Гимні, Елтаңбасы мен Туы барлық салтанатты шаралардың міндетті атрибуттары болып табылады.
  3. Білім күніне және Соңғы қоңырауға арналған салтанатты мерекелері мемлекеттік Тудың еңгізу мен шығарудан басталады.
  4. 1 қабаттың фойе ішінде бірдеңгейлік орналасуда мемлекеттік рәміздерімен әстетикалық ресімделген көрнекті стендтері орналасқан.
  5. Директордың кабинетінде басшы орнының оң жағында Қазақстан Республикасы Президентінің портреті бар.
  6. Оқу кабинеттерінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тегін оқыту бойынша әдістемелік материалдар бар.
  7. Оқу орының маңдайша қазақ тілінде жасалған.
  8. Мемлекеттің Гимні, Елтаңбасы мен Туы барлық салтанатты шаралардың міндетті атрибуттары болып табылады.
  9. Білім күніне және Соңғы қоңырауға арналған салтанатты мерекелері мемлекеттік Тудың еңгізу мен шығарудан басталады.
  10. 1 қабаттың фойе ішінде бірдеңгейлік орналасуда мемлекеттік рәміздерімен әстетикалық ресімделген көрнекті стендтері орналасқан.
  11. Директордың кабинетінде басшы орнының оң жағында Қазақстан Республикасы Президентінің портреті бар.
  12. Оқу кабинеттерінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тегін оқыту бойынша әдістемелік материалдар бар.

Оқу мен сабақтан тыс уақыттарында ҚР рәміздерін насихаттау жөнінде тәрбиелік жұмыс үнемі өткізіледі.

       Осы оқу жылында азаматтық – патриоттық, құқықтық, полимәдениеттік бағыты бойынша  бірқатар жұмыстар  атқарылды. Биыл 1 қыркүйек - Білім күніне арналған  сынып сағаттары мынадай тақырыптарда өткізілді. 1-4 сыныптар ҚР конституциясына 25 жыл, 5-7 сыныптар Әль Фараби -1150жыл, 8-11 сыныптар Абай Құнанбайұлына 175 жыл.

Сынып жетекшілер алғашқы сынып сағаттарын қашықтан түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдана отырып, электронды тақта пайдаланылып өткізілді.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік –ел тірегі»

тақырыбында өткізілген іс-шаралар өткізілді.
            Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

            Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі кунге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Eлдің әл әуқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде, білім, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

     Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019жылды «Жастар жылы» деп жарияласа, 2020 жылды Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еріктілер»  жылы деп жариялады. Ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы  - бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді. «Парасаттылық пен адалдық» сағатында, Бауыржан Момышұлына   арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жете түсіндірілді. Аталмаш тақырыпта өткізілген бірыңғай сағатқа 1236 оқушы қамтылды. Оқушылар белесене қатысып, іс-шара өз деңгейінде өтті. 

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 6 қазан күні өткізілген «Ел болашағы-жастар» пікір-таластық ойынында Кейкі батыр атындағы  №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларынан құралған екі командасы ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

Қазан айының 20 күні мектепшілік «Күз-береке, күз-мереке!» атты қашықтан іс-шара өтті.  Кезеңдер бойынша 8-10 сыныптар арасында

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Отыз игі іс» атты акция өткізілді. Соған байланысты көп балалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасында қашықтықтан әнұран орындаудан челендж өткізілді.

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен

Мектепте «Жас - Ұлан» балалар  мен жасөспірімдер ұйымы  жұмыс  атқарады.   «Жас - Ұлан» балалар  мен жасөспірімдердің ұйымының  мақсаты: Балалардың оқу үрдісін және дүниетанымын қалыптастыру,  іс – шараларға қызығушылығын дамыту  мақсатында құрылған ұйым.  15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік шапағаты» атты «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қауіпсіздік іс-шаралалын сақтай отырып, мектебіміздің рәсім залында 5 сыныптардан 23  оқушы салтанатты түрде қабылданды. Жиын барысында оқушыларға ұйымның мақсат-міндеттері түсіндіріліп, анты айтқызылды. Мектеп әкімшілігі өз құттықтауларын жеткізді. Жас Ұланға қабылданға оқушыларға галстук пен төсбелгі  берілді. Соны мен қатар оқушылар WhatsApp  желісі арқылы сертфикаттармен марапатталды.

Жас мамандармен психологиялық диагностикалық жұмыстар жүргізілді. «Жас маманға арналған кеңес» жадынама, графикалық тест және тренингтер өткізілді, сауалнама алынды. Диагностикаға 11 жас маман қатысты.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  2021 жылдың 9 ақпанындағы  хаты негізінде, ағымдағы жылдың 15  ақпанында  Кейкі батыр атындағы №4 жалпы  білім беретін мектебінде   М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Поэзия – махабаттан басталып, парасатпен аяқталуы»  тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында  адалдық  сағаттары қашықтан өткізілді.

    Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Адалдық сағаты барысында оқушыларға бейне-дәріс көрсетілді, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Ақын шығармаларын оқу арқылы оқушылар Отанды сүюді, табиғатты аялауды, адамгершілікті үйренеді. Мұқағали өлеңдері мәңгі жасай беретін мол мұра. –Иә, ақын тілегін орындау- біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліспен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. «Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. бүкіл залды дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп,жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр. Оқушылар өте жақсы дайындықпен өткізді. Өз рөлдерін бөліп,кім өлең оқиды кім жаттау айтады барлығын өздері жақсы ұйымдастырған. Парассаттылық  сағаттар  Мұқағали Мақатаев өмірінен кішігірім видеоролик қосып,соны оқушылармен бірге көріп көптеген сұрақтарға жауап беріп, өздеріне көптеген мәліметтерін алды. Парасаттылық сағатымыз жоғары деңгейде  өтті.    Жоспар бойынша мейірімділік сабағы «WHATSAPP», «ZOOM» платформасы  арқылы өтті.

2021 оқу жылының   23-24 ақпанда ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсаринге  арналған «Парасаттылық сағаты»  өтті

            Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады. Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ. Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды. Оқушылар өте жақсы дайындықпен өткізді.

    Оқушыларға мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Сабақтар барысында адалдық, шынайылық, парасаттылық, әділдік туралы айтылып, оқушылар ойларымен бөлісті. Парасаттылық сағатымыз жоғары деңгейде  өтті.  Жоспар бойынша «WHATSAPP», «ZOOM» платформасы  арқылы өтті.

Аты Жүктеу
1 2021-2022 жоспар ВР doc