Ақпараттық-аналитикалық анықтама.

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларды білім берумен және тәрбиелеуге, сонымен бірге олардың физиологиялық, психологиялық, зияткерлік мүмкіндіктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып білім алу қажеттіліктерін дамытуға бейімделген. Бұл, оқушы бойына адамгершілік, тұлғалық және ізгілік құндылықтарды сіңіру, жалпы білім беруде жайлы орта қалыптастыру жолында бағдарлы педагогикалық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Мектепті басқару жеке және өзін-өзі басқару принципі тұрғысында құрылған. Жалпы мектеп басшылығы басқа жалпы білім беру ұйымдары сияқты білім беру үдерісіне қатысушылардан құрылған әкімшілік кеңес арқылы атқарылады. Педагогикалық үдерісті тікелей мектеп директоры мен оның оқу ісі, әдістемелік, тәрбие және ғылыми қызметтер жөніндегі орынбасарлары басқарады.

 

Мектеп туралы жалпы мәлімет.

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі 1971 жылы негізі қаланған, сынып тығыздығы 25-30 балаға шақталып, 900 оқушыға есептелінген.

 

Мектептің мекен жайы: Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 81 үй, байланыс телефоны 72622

 

Мектепті аттестаттау: қараша, 2015 ж. өтті

 

Білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия: тіркеу номері KZ05LAA00019802  22.01.2021 жылы берілген.

 

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу: 12.01.2021 ж.

 

Медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия: ЛП сериялы, №0013460 29.11.2011ж берілген.

 

Мектеп орталық жылу жүйесімен, жарықпен, салқын сумен, кәріс жүйесімен, асханамен, спортзалмен, турникетпен, жабдықталған кабинеттермен қамтылған. Кітапхана қорында 19071 дана оқулықтар, 1917 дана әдістемелік әдебиеттер бар. Мектепте 33 оқу кабинеттері компьтермен жабдықталып, ИНТЕРНЕТКЕ қосылған. 30 оқушы орыны бар екі компьютерлік сынып бөлмесі жұмыс істейді.

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті жердегі білім беру жүйесінде және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымда маңызды роль атқарады:

 

  • Мектеп орналасқан шағын ауданда «Қайрат» спорт кешені жұмыс істейді, онда 5-11 сынып оқушылары спорт түрлерімен айналысады.
  • «Жас құқық қорғаушы» клубы арқылы құқықтық тәрбие жүзеге асырылады.
  • Әскери-спорттық «Батыр» клубы патриоттық тәрбиені дамытуға септігін тигізеді.
  • Мектеп жалпы білім беру бағдарламаларын немесе олардың жеке бөлімдерін өзбетінше игеруге септеседі.
  • Мектепте үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс жасайды, оған 570 бала тартылған. Онда олар өз мүмкіндіктерін көрсетіп қалалық, облыстық деңгейде өткен конкурстар мен көрмелерде жүлделі орындарға ие болып, мадақтамалар, дипломдар, сыйлықтармен марапатталды.

 

Мектептегі әдістемелік жұмысты табысты ұйымдастыру үшін құрамына пәндік әдістемелік бірлестік жетекшілері кіретін әдістемелік кеңес құрылып жұмыс атқарады. 

 

Оқушы саны.

 

2017-2018 оқу жылы

1135

2018-2019 оқу жылы

1156

2019-2020 оқу жылы

1171

 

Мұғалімдердің саны және сапалық құрамы.

 

Мектепте 100 мұғалім жұмыс атқарады. Олардың ішінде:

Жоғары санатты мұғалімдер: 9

Педагог-зерттеуші: 17

Бірінші санатты мұғалімдер: 8

Педагог-эксперт: 10

Екінші санатты мұғалімдер: 10

Педагог-модератор: 25

Санаты жоқ мұғалімдер: 21

Мектеп педагог кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

  

Мектептегі оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыруға мінездеме.

 

Мектепте оқу - тәрбие үдерісі 49 сынып комплектісімен аптасына 5 күндік  оқу режимінде ұйымдастырылған. Оқу – тәрбие үдерісін қалыпты ұйымдастыру үшін төмендегідей жағдайлар жасалған:

  1. Кабинеттік оқыту жүйесі.
  2. Жоғарыда атап өткендей білікті педагог кадрлар жеткілікті.
  3. Мектепте оқу үдерісі мемлекеттік типтік оқу бағдарламасымен сәйкестендіріліп жасалған оқу жоспарына сай және сабақ кестесін негізге ала отырып құрылады.
  4. Мектеп 5 күндік жұмыс апталығымен жұмыс жасайды. Академиялық сағаттың ұзақтығы бірінші тоқсанда 1 сыныптарда 30 минут, II-IV тоқсандарда 40 минуттан, 2-11 сыныптарда 40 минут.
  5. Мектепте оқу үдерісі үш сатылы деңгейлі білім бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады:

Бастауыш білім (игерудің нормативтік уақыты – 4 жыл)

Негізгі орта білім (игерудің нормативтік уақыты – 5 жыл)

Жалпы орта білім (игерудің нормативтік уақыты – 2 жыл)

  1. Мектептегі жалпы білім берудің мазмұны мемлекеттік білім стандарттарын негізге ала отырып жасақталған және бекітілген бағдарламалар арқылы анықталады.
  2. Мектепте оқушыларды жыл сайын оқу жылының аяғында педагогикалық кеңестің шешімімен 5 сыныптан бастап жекелеген пәндерден емтихан түрінде аралық және қорытында аттестаттау жүзеге асырылады.
  3. Оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу психологиялық-педагогикалық мониторинг арқылы бақыланады.

 

Баланың денсаулығы және жетілуі.

 

Мектепте күн сайын медициналық қызмет жұмыс жасайды. Барлық жастағы оқушылар тиісті профилактикалық тексерістен өтеді және барлық қажетті профилактикалық екпелерін алады.

 

Оқушылардың оқу жетістіктері.

 

Пәндік олимпиада жүлдегерлерінің саны

 

 

2017-2018 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

Мектепішілік

195

255

202

Қалалық

15

12

7

Облыстық

-

-

-

 

Үздік аттестат, «Алтын белгі» белгісі иегерлері

 

 

2017-2018 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

    Үздік аттестат НОБ

4

5

6

Үздік аттестат ЖОБ

-

3

-

«Алтын белгі» белгісі

2

1

-

 

Мектептің білім беру қызметінің жетістіктері

 

 

Сынып

2017-2018 оқу жылы

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

Білім сапасы

%

Үлгерім

%

Білім сапасы

%

Үлгерім

%

Білім сапасы

%

Үлгерім

%

1 – 11

50

100

52

100

52

100

 

 

Мектеп қызметінің сараптамасынан, шешімін тапсақ мектепті дамытудың жаңа деңгейіне көтеретін кешенді мәселелерді көрсетуге болады:

  • Мектептегі білім беру қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын озық түрде қамтамасыз етуі керек;
  • Мектеп мемлекет пен әлеуметтік қоғамның жаңа талаптарын қанағаттандыруға бейім болуы керек;

 

Білім алушыларды оқуға тарту және білім сапасын көтерудегі проблемалар мектептің материалдық-техникалық базасын (әр сынып бөлмесіне оқытудың ақпараттық-техникалық құралдарын алу) нығайтуға, сонымен бірге, білім беру ортасында тұлғаның жан-жақты дамуына жайлы жағдай жасауға, өз баласының оқуына және оның дамуына ата-ананың  қалыпты қарым-қатынасының болуына тікелей байланысты.

 

Дарынды балалармен атқарылатын жұмыстарда да проблемалар баршылық. Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарынды балалардың басшылық әрекетінің басымдылығы басқа балаларға қарағанда интеллектуалдық біліктілігі және ойлау, қабылдау жылдамдығының жоғары болуына байланысты. Осы құндылықтарды дамыту мектептің даму концепциясында ашық көрінуі керек.

 

Бүгінгі күннің талаптарын қанағаттандыратын оқу-тәрбие үдерісінде, өзінің материалдық-техникалық базасын нығайту және кеңейту, мектептің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі. Мектептегі білім берудің даму бағдарламасы, білім берудің қол жетімділігін жетілдіруге оның сапасының, тиімділігінің артуына, өзіні-өзі жаңғыртудың шарттары мен механизмдерін қалыптастыруды қарастырады. Осыған орай  қала мектептерінің базасында вариативті білім беру кеңістігін қалыптастыру маңызды мәселе болып табылады.


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылында  5-9 сынып білім алушыларына Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  №604  бұйрығымен  бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Негізгі орта  білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамыздағы  №422 бұйрығы, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығына 4-қосымша,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы  №500 бұйрығына 16-қосымшамен бекітілген  Негізгі орта  білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (2020 жылғы 17 тамыздағы №350 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары  (2019 жылғы 15 мамырдағы  №205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары  (2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына (2014 жылғы 15 шілдедегі  №281 бұйрықпен  «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы  №216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдарына  сәйкес  жүзеге асырылады.

           10-11-сынып білім алушыларына 2020-2021 оқу жылында  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  №604  бұйрығымен  бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Негізгі орта  білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 15 мамырдағы  №205 бұйрығына 1-қосымша,  ҚР Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 8 қарашадағы  №500 бұйрығына 119-қосымша (қоғамдық-гуманитарлық бағыт), ҚР Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы 15 мамырдағы  №205 бұйрығына 2-қосымша,  ҚР Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 8 қарашадағы  №500 бұйрығына 120-қосымшасымен (жаратылыстану-математика бағыты)  бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрінің   2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығымен бекітілген  Жалпы орта  білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (2020 жылғы 17 тамыздағы №350 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына  (2017 жылғы 3 сәуірдегі  №352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары  (2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы  орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 бұйрықпен  «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы  №216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдарына  сәйкес  жүзеге асырылады.

     Мектептің бейіндік бағыты - Жаратылыстану –математикалық

(10 «Ә», 11 «Ә» сыныбы), қоғамдық-гуманитарлық (10 «А», 11 «А» сыныбы) (мектеп ұжымының 26.08.2020 ж №1  педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша белгіленді.)

         Жаңартылған білім мазмұны бойынша таңдау бойынша пәндер енгізілгендіктен оқушылар, ата-аналар келісімімен, қамқоршылық кеңесі отырысының (хаттама №1 26.08.2020ж) шешімі бойынша білім алушылардың таңдаулары қанағаттандырылды.

    Таңдау бойынша  тереңдетілген деңгей 10 «А» сыныбында  дүниежүзі тарихы 3 сағат, география 3 сағат,  10 «Ә» сыныбында  физика 4 сағат, химия 4 сағат, тереңдетілген деңгей 11 «А» сыныбында  дүниежүзі тарихы 3 сағат, география 3 сағат,  11 «Ә» сыныбында  физика 4 сағат, биология 4 сағат   жүргізіледі.

     Стандартты деңгейден 10 «Ә» сыныбында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2 сағатпен  енгізілді.

     Стандартты деңгейден 10 «А» сыныбында физика 2 сағат, химия  пәні

2 сағатпен жүргізіледі.

     Стандартты деңгейден 11 «А» сыныбында  физика 2 сағат, биология  2 сағат  енгізілді.

     Стандартты деңгейден 11 «Ә» сыныбында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2 сағатпен  енгізілді.

 «Мектептің жаны-мұғалім» деген ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының сөзі 1 ғасыр бұрын айтылған ойы осы  күнге дейін құндылығын жоғалтпаған. Мектептің жақсы болуы - мұғалімінен, сол бір тұлғаның білімі мен адамгершілігенен, ісіне деген адалдығынан болмақ.
 Оқушыларды дұрыс бағытта тәлім-тәрбие беру-әр ұстаздың міндеті. Сол орайда сабақты өте мазмұнды өрнектейтін, барлық талаптарды сақтап, оқушыларға білім беруде қисынды ойлау қабілеттерін дамыта білетін, оқушылардың бойында өздігінен білім алуға деген құлшынысты оята білетін пән мұғалімдерінің еңбегі орасан зор.

           Мектебіміз ІІІ оқу тоқсанын 1231 оқушымен бастады.  Ол оқушылар төмендегі кестедегідей бөлінді:

Сыныптар

Оқушы саны

Қыз балалар

Ер балалар

Қазақ тілінде оқитын оқушы

Орыс тілінде оқитын оқушы

МАД

98

50

48

77

21

1-11 сынып білім алушылары

1-4

539

256

283

420

119

5-9

567

269

298

426

141

10-11

125

67

58

108

17

1-11

1231

592

639

954

277

 

 1-11 сынып аралығында 49 сынып комплектісі, мектепалды даярлық сыныбында 5 сынып комплектісі, жалпы 0-11сынып аралығында 54 сынып комплектісі бар.

Сыныптар

Жалпы сынып комплектісі

Қазақ тілінде оқытылатын сынып саны

Орыс тілінде оқытылатын сынып саны

МАД

5

4

1

1-11 сынып білім алушылары

1-4

20

16

4

5-9

23

18

5

10-11

6

4

2

1-11

49

38

11

 

         Қазіргі күнде ғылым мен білім- жаңа технологиялар кез келген елдің бәсекеге жарамдылығының, яғни оның ауқаттылығының өзекті факторы. Білім мен ойлаудың шығармашылық әлеуеті, яғни креативтілік, нарықтық экономикада жөн таба білу, қарқынды дамып жатқан әлем жағдайына шапшаң бейімделу, жинақтылық пен кәсіпқойлық неғұрлым құнды және талап етілетін қор болып табылады.

Жалпы мектеп бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімінің 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіштері

Оқу жылдары

2017-2018

2018-2019

2019-2020

Барлық оқушы саны

1135

1156

1171

«Алтын белгі»

2

1

-

Үздік аттестатқа бітіргендер 

-

3

-

Негізгі мектепті үздік аттестатқа  бітіргендер

4

5

6

Озаттар

231

224

236

Екпінділер

47

380

358

Үлгірмеушілер

-

-

 

Сапа

50

52,2

51

Үлгірім

100%

100%

100%

             

                2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанынан бастап, 2020-2021 оқу жылының         1 қыркүйегінен ерекше оқытылуда. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың,  білім беру  ұйымдарының  басқа да  қызметкерлерінің өмірі  мен денсаулығының сақталуын  қамтамасыз ету  мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  жарияланған  пандемия кезеңінде «Коронавирустық  инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарыында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемілік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы    Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 13 тамызындағы № 345 бұйрығын және  2020 жылдың 19 тамызындағы № 1 педагогикалық кеңестің шешімдерін  басшылыққа алып, 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекциясының  таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралары  жағдайында орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру  мектепалды даярлық және 2-11-сыныптарда қашықтан оқытылды.  

               «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі   әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің        2020 жылдың 13 тамызындағы №345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылдың 28 желтоқсанындағы  №548 хатын және 2021 жылдың 06 қаңтарындағы №4 педагогикалық кеңестің шешімдерін басшылыққа алып, ата-аналардың жеке арыздары негізінде 5-сыныптар 5 сынып комплектісі бойынша 8 кіші топтарға бөлініп /кіші топтардағы бала саны 15 - тен аспайтын/, 9-сыныптар 4 сынып комплектісі бойынша 8 кіші топтарға бөлініп /кіші топтардағы бала саны 15 - тен аспайтын/, 11-сыныптар 3 сынып комплектісі бойынша 5 кіші топтарға бөлініп /кіші топтардағы бала саны 15 - тен аспайтын/ арнайы құрылған сабақ кестесімен, кезекші сыныптар барлық санитарлық шаралар қатаң сақтала отырып, штаттық режимде оқытылу басталды.

Кезекші сынып болып ашылған 9-сыныптың 110 оқушысы 13,14 оқушыдан         8 топқа бөлінсе,     11-сыныптың 68 оқушысы 15 оқушыдан 5 топқа бөлініп 13 кабинетке  отырғызылды.  Әр сынып кезең-кезеңімен  арасына 10 минуттан үзіліс жасалып кіргізіліп,  дене қызуы (тепловизормен) өлшеніп, антисептикпен қолдары жуылып, кабинеттеріне кіргізілді.   Антисептиктер  бірінші  қабатта-2,  екінші қабатта-2,  үшінші қабатта -1, төртінші қабатта-біреуден қойылса,  әр кабинетте жеке-жеке қойылған. Әр кабинетке дезинфекциялық кілемшелер төселген. Сабақ басталғанға дейін  оқушыларға санитарлық норманы сақтау мен сақтық шаралары туралы түсінік жұмыстарын үздіксіз жүргізіліп отырады.   Сабақ  уақытында қоңырау кестесіне сай әр екінші сабақтан кейін ылғалды  тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.