Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де
жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың I кезеңін өткізу
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызында 5-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I кезеңі (мектепішілік) өткізіледі. Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқушылар қатыстырылады.
Жалпы республикалық олимпиаданың I кезеңіне 175 оқушы қатысып, оның 95 жүлдегер атанды. Сонымен қатар, олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, республикалық олимпиаданың II кезеңіне (қалалық) пәндік олимпиадаға 41 оқушы қатысатын болды. Алдағы уақытта, республикалық олимпиаданың II, III кезеңдеріне дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
Біздің басты міндетіміз, салауатты, саналы, ел азаматын тәрбиелеу.
Директордың ҒӘЖ орынбасары Исниязов Мирам РахимжановичБастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Өзін - өзі бағалауы 2024 жыл |
БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.
Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді.
Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы
"Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де жалпы 110 мұғалім қызмет атқарады, қазіргі таңда мектепте 1263 бала 1-11 сыныпта, 83 бала мектепалды даярлық сыныпта және 49 бала шағын орталықта тәрбиеленуде.
Бастауыш сыныпта - 521, орта буында - 584, жоғары буында - 158 оқушы бар. Барлығы 58 сынып, олардың 13-і орыс тілінде, қалған 45-і қазақ тілінде оқытылады.
Мектептің және білім бөлімінің жоспарын сәйкес жұмыстар жүргізілуде:
2023 жылы, яғни қазіргі уақытқа дейін мұғалімдердің 95.5%-ы толықтай біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
Облыстық пәндік олимпиадаға 5 оқушы қатысып, 4-уі жүлделі орын иеленді;
Республикалық пәндік олимпиадаға 1 оқушы қатысып, жүлделі 3-орын иеленді;
Қалалық пәндік олимпиадаға 21 оқушы қатысып, олардың 14-і жүлделі орындарға ие болды. Бұл 66.7% ды құрады;
Мектеп "Біртұтас тәрбие бағдарламасымен" жұмыс жасауда;
Мектеп 100% цифрлық оқулықтармен қамтамасыз етілген;
Мектебімізде "Тірек мектебі - магниттік мектептер", "Үлгерімі төмен мектептерге мықты мектептердің қамқорлығы" және "Шефство" (БАСШЫЛЫҚ) жобалары іске асырылуда;
Отбасы мен мектептің тиімді қарым-қатынасын арттыруға бағытталған "Үндестік" өңірлік жобасы өз жалғасын табуда;
7 интерактивті панель, 1 лэд экран, STEM кабинеті, мектепалды даярлық сынып оқушыларына 75 парта мен 75 орындық, түрлі-түсті әртүрлі көлемдегі пуфиктер сатып алынды;
Мектепке дайындық үшін 78 оқушыға бір реттік ақшалай көмек көрсетілді;
"Мектепке жол" акциясы аясында 11 балаға көмек көрсетілді;
Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіз жүйелермен (дабыл түймесі, турникет, бейне бақылау камералары) қамтамасыз етілді;
31-тамыз 2023 жылдың №280 бұйрығына сәйкес денсаулықтарына байланысты 4-уі үйден оқытылуда;
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 1-4 сыныптарда 516 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, 5-11 сыныпта 21 оқушы ыстық тамақпен ішіп отыр.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@kost__bilim
#2ТОҚСАН#АЛТЫНСАҚА











