15-16 қазан аралығында аға тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері мен он бірінші сынып оқушыларының күшімен мектепте Күзгі бал ұйымдастырылып өткізілді. Күз патшасы мен Ханшайымы атағы үшін сайыста 5-7 және 8-10 сынып оқушылары бақ сынасты. Байқау бағдарламасы бес кезеңнен тұрды: визитка, өзінің таланты, Авангард сәні, күзгі тағам және күзгі вальс. Барлық қатысушылар дайындыққа жауапкершілікпен қарады. Байқау қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар арасында 6 "А" сынып гран-при иегері атанды, 8-10 сыныптар арасында 10 "Ә" сынып өкілдері үздік атанды.