Мектепті білім тірегі десек, ұстаз- оның жүрегі.
2021 жыл – еліміз үшін тарихи атаулы даталарға толы жыл болды. Ұлы ағартушы ұстаз Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арқалық қаласының құрылғанына- 65 жыл, Кейкі Көкембайұлының туғанына – 150 жыл. Қаламыздағы қарашаңырақ, іргелі білім ордасы – Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебімізге биыл мерейлі 50 жыл толып отыр. Мектебіміздің тарихына көз жүгіртетін болсақ, № 4 мектеп Арқалық қаласы еңбекшілердің депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1971 жылы 31 тамыздағы №338 шешімімен оқу ордасы орыс тілінде білім беретін мектеп болып ашылды. Тәуелсіздік жылдарынан бастап мектеп тарихы үлкен өзгерістерге бет бұрды.Мектеп - ата-баба мұраларының қайнар көзінен нәр алған, еліне, жеріне адал азаматтарды, дарындар мен даналарды шығарған, киелі шаңырақ, руханият ордасы. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, тарих тілімен айтатын болсақ, жарты ғасыр ішінде мектептің тыныс-тіршілігінде біраз өзгерістер болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?!– деп біртуар, саңлақ ақынымыз Ілияс Жансүгіров айтқандай, кешегі өткен ел ағаларының есімдерін жаңғыртып қана қоймай, мектебіне еңбек сіңірген дарын даралығымен ел мақтанышына айналған азаматтарды ардақтай білу-баршамыздың парызымыз. Содан бергі жылдарда білім ордасында көптеген білімді де, тәжірибелі мұғалімдер мен мектеп басшылары еңбек етті.
Мектеп директоры – мектеп ғимаратының бастауыш көшбасшысы. Аға басшы- ұрпақтың өнегелі өмір жолдарын байсалдылықпен ой сүзгісінен өткізіп, мұғалімдерге, қызметкерлерге, ата-аналарға, оқушыларға жанашыр тұлға. Осындай білікті басшылардың есімдерін кейінгі ұрпақ білгені дұрыс. Алғаш мектеп басшылары Шарипова Рахима Әлмағанбетқызы (1971-1975ж), Карлин Андрей Андреевич (1975-1998жж) болса, кейін Джанабаева Гульнар Ташеновна (1998-2009жж), Жүнісов Қабыл Жүнісұлы (2009-2012жж), Ешмғалиев Серікбай Қапышұлы (2012-2013жж) басшылық етті. Қазіргі таңда 2013 жылдан бастап, мектеп ұжымын басқарып отырған Садуов Нұрлан Талапұлы өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Мектептің дамуына директорлардың әрқайсысы өлшеусіз өз үлестерін қосты. Сонымен қатар 50 жылдың ішінде оқу -тәрбие жұмысының, оқушылар білімінің сапасына ерінбей еңбек еткен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына тоқталсақ: Дащук Надежда Яковлевна, Ильяшенко Нина Васильевна, Фрейман Лина Ильинична, Абилькасимова Зайраш Шакировна, Плотникова Лидия Степановна, Колесниченка Лидия Александровна, Шериязданова Ляззат Газизжановна, Шаймерденова Айман Ибрашқызы, Ковалева Татьяна Николаевна, Жұмақанова Оңласын Жайлауқызы, Саматова Гүлжанат Шағалақызы. Мектептің бар жұмысының түбегейлі нәтижеге қол жетуі жоғарыда есімдері аталған мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігі мен біліміне байланысты.
Жылдан- жылға білім мекемесінің педагогтар құрамы ұлағатты ұстаздар мен жас мамандармен толығып, материалдық -техникалық оқу әдістемелік мүмкіндіктері арта түсуде. Одақ ыдыраған кезде қажырлы еңбегінің арқасында білім ордасының тәжірибелі мұғалімдерінің материалды базасын тұтастай сақтап қалуда басшылардың еңбегі зор деп бағалаймыз. Тәуелсіз егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылдануына байланысты мектеп өмірінде маңызды өзгеріс болды. Қазіргі кезде өмірден озған Карлин Андрей Андреевич басшылық жасаған кезде 1992-1993 оқу жылында бастауыш қазақ сыныптары ашылды. Алғашқылардың бірі болып, қазақ сынып оқушыларына білім берген ұстаздар Рахметшина Нурия Халықовна, Сейдағалиева Кенжеш Жаңбырбаевна, Байгулина Сәуле Шөптібайқызы болды. Қазақ сыныбының алғашқы түлектері 2003 жылы мектеп бітірді. 1992-1993 оқу жылынан бастап мектеп аралас тілде қазақ және орыс тілдерінде сыныптарға білім беруде. Содан бергі жылдарда білім ордасында көптеген білімді де тәжірибелі мұғалімдер еңбек етті. Олардан дәріс алған шәкірттері бұл күнде сан түрлі салаларда қызмет атқаруда.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»- деген Ыбырай Алтынсариннің қанатты сөзін әрдайым мектеп әкімшілігі басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Мектептегі мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы әр оқу жылында өсіп келеді. 2020-2021 оқу жылында педагогтер саны -111 болса, қазіргі таңда 128 педагог қызмет атқарады. Олардың 90% жоғары 10 % арнаулы орта білімді. 2018-2021 оқу жылдары аралығында мектептің төрт түлегі «Алтын белгі» иегері және негізгі мектепті «Үздік аттестатқа» бітіргендер саны 5-6 оқушыдан төмен болған емес. Жоғарыдағы білім сапасының өсу көрсеткіштері мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы және ата-аналармен бірігіп атқарған жұмысы деп бағалау керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2015-2016 оқу жылында мектебіміз Ресурстық орталық жобасы бойынша белгілі материалдық – техникалық базасы бар, педагогикалық және қаржылық жағынан тиімді болып табылатын ресурстық орталық болып тағайындалды. Мектеп ұжымының ерекше жетістіктерінің бірі қала әкімінің «Үздік орта білім беру ұйымы-2019» байқауының жеңімпазы атанып, 1 000 000 теңгенің сертификатына ие болды. Мектеп ғимараты жылы, жарық, базасы жаңаша техникалық құралдармен жабдықталған және ұжымның жақсы жетістіктерін бағалай білген ата-аналар, балаларының осы мектепте білім алуын қалайды. Осының дәлелі ретінде оқушылар саны жылдан –жылға артуда. 2016-2017 оқу жылында оқушылар саны 1080 болса, 2020-2021 оқу жылын 1290 оқушымен аяқтап, 2021-2022 оқу жылын 1330 оқушымен бастап отыр. Бұдан еңбектің елеусіз қалмайтынын көруге болады. Жақсы оқыта білетін ұстаздардың еңбегі зор марапатқа ие. 1988 жылы 22 сәуірде математика пәнінің мұғалімі Пересыпкина Галина Александровна – «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, осы мектепте 50 жыл білім саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан.
«Өмір бар жерде бала да бар, бала бар жерде ұстаз да болады»-дегендей, бүгінгі таңда мектепте ұстаздар ұжымы өзінің білімін, күш-жігерін, саналы ойын шәкірттеріне арнап, соларға үлгілі тәлім-тәрбие беріп, жиырма бес жылдан жоғары, яғни ширек ғасырдан астам аталған мектепте үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ұстаздар есімдерін атау артық емес. Олар: Камалиев Мурат Каернасович, Пересыпкина Галина Александровна, Байгенжинова Айман Бортайқызы, Шегетаева Роза Шегетавна, Мұстафина Күлғасылай Шормановна, Мукушева Алма Махатовна, Сейсенбаева Бақыткүл Мүслимовна, Ковалева Татьяна Николаевна Қамбарова Орынбасар Айтқазиевна, Жұмабекова Райхан Шалабаевна, Смағұлова Көпей Файзоллақызы, Саитгареева Ирина Анатольевна, Мұханбетжанова Тұрсынай Сәбитбекқызы, Дюсембаева Гүлжан Тұрмағанбетқызы, Байқасынова Бибігүл Қабденқызы, Зазуля Радий Владимирович, Бекешова Нұргүл Сағындыққызы, Драганчук Наталья Алексеевна, Алекина Айгүл Болатқызы, Уткелбаева Елена Викторовна, Құлмағанбетова Ақжамал Байжұмақыз. Осы мектептің түлектері Камалиев Мурат Каернасович, Карпычева Татьяна Михайловна, Бахтина Татьяна Анатольевна өздеріне білім берген ұстаздарымен қатар абыройлы жұмыс атқарып келеді. Оқу жылында мектепке 15 жас маман жұмысқа қабылданған. Қазіргі уақытта жас мамандар мектеп өміріне белсене араласып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша бағытта жүргізуді, атқарған істерімен дәлелдеп жүр.
2015 жылы 283 млн.теңгеге Қостанай облыстық білім басқармасы қаржысының есебінен күрделі жөндеуден өткізілді. 2019-2020 оқу жылында мектеп түлегі кәсіпкер Боранбаев Қайрат Советайұлы білім ордасына 16 млн 139 мың 650 мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетіп, мектепке жиһаздар алып берді.
Мектептің ұстаздар қауымының ізденісі, қаламыздың медицина саласының құрметті қызметкері Мұхамбетрақым ағамыздың демеушілігінің арқасында 2017 жылы Кейкі батырға арналған мұражай бөлмесі ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №755 «Қостанай облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, Арқалық қаласының әкімінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 490 қаулысымен « Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Ендігі басты мақсат – мектепті жан-жақты дамытуға оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай туғызу, мұғалімдердң кәсіби өсулеріне ықпал ету, мектептің материалдық-техникалық базасын арттыру. Ынтымағы жарасқан ұжым, қолдау көрсетер зиялы қауым, ақыл айтар білікті де білімді ұстаздар мен жас мамандар барда барлық мақсаттар жүзеге асады деп сенеміз.

Мектеп ұжымы