08.10.2021 ж «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» ММ қызметі және сенім телефонының жұмысы туралы психикалық денсаулық күніне орай 1-11 сынып оқушыларына «Егер қиын болса – жай қоңырау шал» ақпараттық-түсіндіру акциясы жүргізілді.
Акция мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, мектеп білім алушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру. Акция аясында 1-11 сынып оқушылары үшін психикалық денсаулықты жақсартуға арналған бірнеше кеңестер беріліп, ақпараттық стендке ілінді. Әр оқушыға «Егер қиын болса – жай қоңырау шал» визиткалар таратылды.