Үрейді түзету әдісі
Арқалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебіміздің педагог-психологтары 8-11 сынып оқушыларына "Үрейдің жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатына әсері. Үрейді түзету әдісі" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Оқушыларға үрейдің себептері, оған ықпал етуші факторлар, үрейді танудағы белгілері туралы түсіндіріліп, үрей мен стрессті азайту үшін жиі қолданылатын тыныс алу әдістері көрсетілді.










