23 қазан күні Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай "Айтыс-Бабадан қалған төл өнер" атты кездесу кеші өтті.Кездесу кешіне қаламыздың намысын облыс, Республика көлеміне танылып жүрген айтыскер ақындарымыз қатысты.Атап айтсақ облыстық, республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы жыршы-термешілердің халықаралық одағы мен Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, қазіргі таңда Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының аға ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы мен Қалалық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының, көптеген айтыстардың жеңімпазы Әуезхан Ернұр Саянұлы қатынасты.
Кездесу кешіне мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысып есте қалатын рухани сұхбат болды.Оқушылардың көкейінде жүрген көптеген сұрақтар қойылып қызықты естеліктерге толы болды.Кеш қонақтары сұхбат барысында өз өнерлерін ортаға салып ақындарымыз суырып салма, шешендік өнерін паш етіп жұлдызды қонақтарымыз тартысқа толы айтыс жасады. Мектеп ұжымына алғысын өлеңмен жеткізіп дара өнер иелері көрерменді таң қалдырды.Бұл рухани кештің басты мақсаты Төл өнерімізге төр беріп оқушыларға рухани азық болатын Айтыс өнерін насихаттау.
Мектеп ұжымы тарапынан келген айтыскер ақындарымызға құрмет көрсетіліп иықтарына шапан жабылды.










