Мектебімізде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия, асхана жұмысының ұйымдастырылуын және пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау жүргізді. Мәзірдің дұрыс жасалуын бақылап, тамақтану сапасының мониторингі актісін рәсімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асырды.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия өз міндеттеріне сәйкес, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын; тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын; өнімдерді өткізу мерзімдерін; тамақ дайындау сапасын; тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін; ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылады. Мектеп әкімшілігі мен мектеп медбикесі тамақтану сапасын күнделікті бақылауда ұстайды.