Тарих пәні апталығы жоспарына сәйкес Қожа Ахмет Яссауидің ілімі ұсынатын ізгілікті ойлар туралы білім беру, оқушылардың Қожа Ахмет Яссауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру мақсатында 6-7 сынып оқушыларына арналған тарих пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: тест жұмысы және жазбаша эссе жұмысы. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
Кажахметова Айару 1 орын
Олжабай Аяулым- 2 орын
Түгелова Еркеназ - 2 орын
Серікбай Нұрайым- 3 орын
Ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі Космаганбетова Г.Б.










