"Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы" КММ және "Жастар" ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Бәйге" интеллектуалдық ойыны болып өтті. Қатысушы оқушылар Ел тәуелсіздігі тарихы бойынша түрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға ұтымды жауап берді. Отан, адалдық тақырыбында мақал-мәтел сайысынан да сүрінбей өткен оқушыларымыз қарсыластарын шаң қаптырып, жүлделі 1 орын иеленді. Интеллектуалды ойында мектебіміздің абыройын асқақтатқан 10 сынып оқушылары: Бейбитова Назым, Жақсылық Алтынай және Бейсен Даяна. Білімімен озық болған оқушыларымызбен мақтанамыз және жеткен жетістігімен құттықтаймыз.
Жетекшісі Амандыкова Ж.М.











