Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтын алдын алу мақсатында Арқалық қаласы  ІІБ бастығы полиция полковнигі Токмурзин Орал Токмурзинович  және Арқалық қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы Байсалбекова Мейрамкул Жумабековна келіп 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуде кәмелетке толмаған білім алушылардың  қандай құқықтары, міндеттері бар екені және буллинг бойынша әңгімелеп, жалпы түсінік беріп өтті. Кәмелетке толмағандар үшін  жауапкершілік түрлерімен таныстырды. Әңгіме барысында түлектердің қызығушылығы мен болашақ мамандықтары жөнінде де сұрады. Оқушылар арасында Заң қызметкері мамандығына қызығатындары қойылатын талаптары жайлы сауалдарын қойды.
Сондай-ақ, мамандар кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету-адами құндылықтар екенін де тілге тиек етті. "Қатыгездіктен, зиянды әдеттерден бойларыңды алыс ұстап, салауатты өмір салтын таңдау-ең дұрыс шешім"- деген үндеумен кездесу мәресіне жетті.
Оқушылармен кездесуден кейін мектебіміздің ішінен ашылған мұражайда және stem кабинетте болды.