«Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 15 - 24 қаңтары аралығында «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында жаратылыстану бағытындағы (физика, математика, информатика) пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Аталған онкүндік аясында тірек мектептер ресурстық орталығының жаратылыстану бағытындағы пәндердің ұстаздарына арналған «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбындағы қалалық семинары өткізілді. Семинарға магниттік мектептер ұстаздары қатысты. Семинарға қатысқан магниттік мектептің ұстаздары өздеріне мол әдістемелік қоржын жинағанын айта отырып, мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді. Семинар барысында бірлестік мұғалімдері берген сабақтар жоғары деңгейде өтіп, іс-тәжірибиесімен бөліскен ұстаздарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Бекмаганбетова Аягоз Тулеуханқызы білім бөлімінің арнайы сертификаттарын табыс етті.