Мектебімізде 30 - сәуір күні қалалық "RED" робототехника жарысы өтті. Жарысқа қала мектептерінің оқушылары және жетекшілері қызығушылықпен қатысты. Төрешілер ретінде білім бөлімінің әдіскері - Бекмаганбетова Аягоз Тулеухановна және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы - Ерман Жанболат Темірәліұлы шақырылды. Жарыстың "Сызық бойынша қозғалыс" бағытында І орынды М. Әуезов атындағы №5 мектептің "Барыс" командасы, ІІ орынды Ш. Уалиханов атындағы №1 мектептің "Шоқан" командасы, ІІІ орынды А. Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясының "Жас қыран" командалары иеленді. "Интелектуалды сумо" бағыты бойынша І орынды Б. Майлин атындағы №3 мектептің "Алғырлар" командасы, ІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы бастауыш гимназиясының "Robo star" командасы, ІІІ орынды Б. Майлин атындағы №3 мектептің "Алғыр 2" командалары алды.









