«Түлектердің ағаш егу» челленджі

6 - мамыр республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласына «Ағаш отырғызу» челленджі өткізілді. Аталған челленджге мектептің түлектері және 9 – 11 сынып оқушылары атсалысты. Челлендж аясында және бұған дейінгі өткізілген акциялар нәтижесінде барлығы - 115 жас тал отырғызылды.

Шараның басты мақсаты - оқушыларға үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын көркейту, көгалдандыру болып табылады. Осындай мектеп түлектерін жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы оқушылар табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерін игі іс жасауға жұмсап, өзгелерге үлгі болып, акциямызға белсене атсалысты.