«Білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын» басшылыққа ала отырып оқушыларды толерантты әлем құруға бағыттайтын және үйлесімді дамуға мүмкіндік беретін адами капиталы мол жаһандық азамат болуға талпындыру мақсатында Кейкі батыр атындағы №4 мектебінде Мектеп Парламенті Президенті сайлауы өтті. Мектеп президентіне 5 үміткер өз бағдарламасын ұсынып, сайлауға түсті:

Болат Дильназ Асылбекқызы 10 "А"
Марден Нұрхан Сандыбайұлы 8 "Ә"
Садман Аякөз Әскербекқызы 9 "Ә"
Турмагамбетоваа Арайлым Жапасбайқызы 8 "Ә"

Мектеп оқушылары мектеп парламенті президенттігіне үміткерлеріне белсенді дауыс берді.
Дауыс беру сайлаудың барлық шарттарын сақтай отырып, құпия түрде өткізілді және оның қорытындысын мектептің сайлау комиссия мүшесі іске асырды.

Сайлау қорытындысы:
барлығы - 820 дауыс берілді. Мұғалімдер:82 Оқушы:738 Болат Дильназ 435 дауыс 55,2%; Мәрден Нұрхан 212 дауыс 26,9%; Садман Аякөз 83 дауыс 10.6%; Турмагамбетова Арайлым 57 дауыс 7,3%.

Дауыс беру нәтижесінде Мектеп Парламенті Президенті Болат Дильназ болып сайланды.