"Жас-Ұлан" Балалар ұйымының жоспарына сәйкес "Күз-береке, күз-мереке" тақырыбында алтын күз шарасы өткізілді. Алтын күз шарасы әр буын арасында ұйымдастырылып, молшылық, берекесімен келетін алтын күз тойына оқушылар жақсы шығармашылықпен келген. Мақсаты: берекесімен келетін сары алтындай сары күздің мерекесіне қатыстырып, сымбаттылық, шығармашылық, шеберлік, ұйымшылдық, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Биылғы күз "Ханзада мен Ханшайым-2024" мәртебесіне бастауыш сынып арасынан 3 "Б" сыныбы оқушылары- Еркінғали Ержан мен Болтай Айғаным, орта буын арасында 5 "В" сыныбы жұбы - Бекишев Асанали
Кулиничева Злата; жоғары буын оқушылары арасында 8 "Ә" сыныбы жұбы - Жылқыбай Жібек пен Ибраев Азат ие болды.