Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сынып қыз балалар арасындағы волейболдан мектепішілік “Мектеп лигасы, Алтын доп - 2024” іріктеу жарысының ашылуы өтті.
Іс - шараның ашылуына мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Шерхан Еркінұлы және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Іс - шара 9 - 11 сынып оқушыларынан құралған командалар арасындағы волейбол ойынымен жалғасты. Мектебіміздің волейболшылары іс - шара көрігін тамаша ойынымен қыздырды.
Сынып намысы сынға түскен сындарлы ойынның қорытындысы бойынша: финалдық ойында екі мықты команда кездесті.
Волейболшылар қауымының тағатын тауысқан тартысты ойында 9 - шы сыныптар құрама командасы чемпион атанды. Тартысты ойында өздерін мықты көрсеткен 10 - шы сынып волейбол командасы 2 орын иеленді. 3 орын иеленген 11 - шы сынып волейбол командасы болды. Сонымен қатар,
Алтаева Мадина “Үздік шабуылшы”,
Сералина Аружан “Ең шебер ойыншы”,
Бөлтірік Еркенұр “Үздік қабылдаушы” ,
Бейсенбек Жанель “Үздік үйлестіруші” атағына ие болды.
Жеңімпаздар мектеп басшысының мақтау қағазымен марапатталды. Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз.
9 - 11 сынып қыз балалар арасындағы волейболдан мектепішілік “Мектеп лигасы, Алтын доп - 2024” іріктеу жарысының ұйымдастырушысы Қалдыбай Ғалымжан Сағынғалиұлы.









