Баланың бақытты болашағы мен жарқын өмірі үшін әрбір ата-ана, мұғалім және қоғам мүшесі өз үлесін қосуы керек. Бүгінде ақпарттық технологияның қарыштап дамып жатқан кезеңінде балалардың түрлі қиындыққа ұшырап жатқандығын көзіміз көріп жүр. Мектеп оқушыларын түрлі қауіптен сақтау, қиындыққа тап бола қалған жағдайда одан қалай шығу жолдары жайлы кеңес беру, кез-келген мәселенің алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Сондай алдын алу, кеңес беру шарасы жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және жыныстық сұғылмаушылықтың алдын алу тақырыбында өтті. Аталған тақырып бойынша Арқалық қалалық ауруханасының гинеколог дәрігері Молдашева Үміт Мукановна және Арқалық қаласы полиция басқармасынан Байсалбекова Мейрамкул Жумабековна қатысты. Мамандар өзекті тақырып бойынша қыз балаларға салдары мен қорғану және кімнен көмек сұрауы жайлы кеңес берді.










