Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында 2021  жылдың  12-  наурызында мектепте оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізу мақсатында «Қыз баланың бой жетуі» атты Арқалық қаласының  аурухана акушер-гинекологы Г.К.Алмуханбетовамен  кездесу болып өтті. Қатысушы жастар мазалаған сұрақтарына жазбаша, жасырын түрде жауап ала алды.Дәрігерге уақытында қаралғанның өзі көптеген проблемалардың алдын алуға болатындығы айтылды.