Аптаның әр бейсенбі күні 15 минуттық «Құқықтық оқыту сабағы» бекітілген. Бұл жұмысты сынып жетекшілер жүргізіп отырады. Мектеп инспекторы сынып сағаттарына шақыртылып, оқушылардың түсінбей жүрген сұрақтарына жауап береді.
Мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған 10 күнге жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. 15 наурыз күні мектебімізде «Алғыс айту» күні жарияланып, Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс айтуға тәрбиелеу. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/108-y-ty-o-ytu-saba-y.html#sigFreeId186006bde8









