Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас. Наурыз көже аса қасиетті ас саналады.Наурыз көже - ұлттық тағам. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Келер жылғы молшылықтың белгісі ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, сүр ет, айран, май, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықты пайдалану арқылы пісіріледі. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Наурыз көжеге  әр әдістемелік бірлестіктер арасында  бірін-бірі кезекпен шақырып, көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілектерін айтып, бата берді. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор.Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп  қадірлейтін қазынасы, шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, ақыл парасаттылығы – мінез жарастығы деп айтуымызға толық негіз болады.