"Денсаулық фестивалі" айлығын өткізу шеңберінде спорттық бағыттағы әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: жоғары сынып оқушыларына арналған баскетбол және волейбол бойынша жарыстар (8-11 сыныптар), "Біз СӨС үшін" бейне-челленджі (5-7 сыныптар), Денсаулық сабақтары (1-4 сыныптар), мектеп кубогына мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктері арасында волейболдан жарыстар ұйымдастырылды, сондай-ақ мектептің медицина қызметкері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде баскетбол жарыстарында 10 "В", 9 "А" сынып командалары жүлдегер атанды. Волейбол жарыстарында 11 "А" және 10 "А" сынып командалары жүлдегер атанды. Математика, Физика, Информатика пәндерінің әдістемелік бірлестігі мұғалімдер арасында мектеп чемпиондары атанды.