Арқалық қаласында волейболдан 9-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық "Шұбар доп" лигасының қорытындысы бойынша Кейкі батыр атындағы #4 ЖББМ қыздар волейбол командасы II орын иеленді. Топтық кезеңде топ жарып, жартылай финалда Әулиекөл ауданының жеңімпаздары Аманқарағайдың Н. Островского атындағы жалпы білім беретін мектебін айқын басымдылықпен жеңіп, финалдық кезеңде Денисовка ауданының үздіктерімен жолықты, 1:2 есебімен ойын аяқталып, қыздар құрамасы өте тартысты ойын шеберін көрсете білді. Нәтижесінде мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалімі әрі қыздар волейбол құрамасының жаттықтырушысы Хасен Бейбіт "Үздік дене тәрбиесі мұғалімі" атанды. Мектебіміз қыздар волейбол құрамасы бойынша қаламыздың III дүркін жеңімпаздары. 2020-2021 оқу жылы Рудныйда өткен облыстық сайыстың III орын иегерлері.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/143-ar-aly-alasynda-volejboldan-9-11-synyp-o-ushylary-arasynda-tken-oblysty-sh-bar-dop-ligasyny-orytyndysy.html#sigFreeId58985e6417









