Сынақтың мақсаты – BilimCenter.kz онлайн-курсы бойынша PISA халықаралық салыстырмалы зерттеуінің моделі негізінде білім алушылардың бастапқы функционалды сауаттылық деңгейін анықтау

Тестілеу жабық сұрақтарға негізделген. Жалпы саны – 21:
Оқу сауаттылығы - 7 тапсырма
Математикалық сауаттылық - 7 тапсырма
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық -7 тапсырма
Әр білім алушыға берілетін тапсырмалар мен олардың реті компьютерлік жүйе арқылы анықталады. Тестілеу ұзақтығы: 1 сағат 30 минут.

Аталған сынаққа мектептің 10 сыныбындағы 15-16 жас шамасындағы оқушылар қатысты.