"Абай поэзиясы—адамзаттың асыл қазынасы" тақырыбында дәстүрлі Абай оқулары сайысы өткізілді. Сайыстың ашылу салтанаты Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің балалық шағы, Абаймен алғаш кездесуі, жігіт ағасы Мұхтардың Абай тұңғиығына бойлаған шағы мен
Абай шығармаларының тәрбиелік ой тастар құндылықтарын ашу кезеңдері көрініс арқылы бір-бірімен ұштасып көрсетілді.
Сайысқа қатысушылар 6 номинация бойынша әділ қазылармен бірге кабинеттерге бөлініп, жалғастырылды. Кабинеттер номинация бойынша қатысушы оқушыларға жағымды әсер қалдыратындай дайындалды.