Жеңісті күн!!!
7-8 сыныптар қала-ауыл мектептері арасында (қызбалалар) волейболдан қалалық лига өтті. Мектебіміз, топтық кезеңде Ы.Алтынсарин атындағы гимназия және Родина орта мектебімен ақтық мәреге шығуға бақ сынасты. Екі құраманы да айқын басымдылықпен жеңді, есеп 2:0. Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары ақтық сайыста топтық кезеңнен топ жарған командалармен жолықты. Бірінші ойында М.Әуезов атындағы #5 мектебін 2:0, Ш.Уәлиханов атындағы #1 мектебін 2:0 есебімен жеңіп жүлделі І орынға айқын басымдылықпен ие болды. Сәуір айында болатын Жетіқара қаласында өтетін облыстық жарысқа жолдама алған оқушыларымызға жеңіс тілейміз. Оқушыларымыздың жеңіске жетуіне еңбек еткен жаттықтырушысы Хасен Бейбіт Асқарұлына алғысымызды білдіреміз. Ескере кетсек Бейбіт Асқарұлы дайындаған оқушылар облыстық мектеп оқушылары жарыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр.
View the embedded image gallery online at:
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/175-7-8-synyptar-ala-auyl-mektepteri-arasynda-yzbalalar-volejboldan-alaly-liga-tti.html#sigFreeId80605d00ba
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/175-7-8-synyptar-ala-auyl-mektepteri-arasynda-yzbalalar-volejboldan-alaly-liga-tti.html#sigFreeId80605d00ba









