Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күнін мерекелеу барысында мектебімізде оқу ауысымдары бойынша салтанатты жиындар өткізілді. Барлық оқушылар жеке қорғаныс заттары - мақталы дәкеден жасалған бетперделерін қолданды. Жиында А.К. Биекин жетекшілігімен "Жас сарбаз" клубының мүшелері мен 11 сынып оқушылары төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсету жолдарын оқушыларға таныстырды.









