# Библиотеки Аркалык
14 ақпан Халқаралық кітап сыйлау күні тамаша мереке. Бұл күні кітаптар жаңа иелерін табады, балалар оқып,қуанады,ал үлкендер де қуанады, өйткені кітап оқу және сыйлық жасау өте жақсы. «Кітап сыйлау күні»атты мереке 2012 жылы пайда болды,бірақ ол казірдің өзінде әлемнің 30 елінде тойланып келеді. Еліміздің түрлі қалаларында екінші жыл қатарынын тамаша мерекелер мен іс-шаралар өтіп жатыр. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,акцияға белсене қатысып ұйымдастыруға атсалысты. Мереке қарсаңында кітап сыйлау алаңдары ұйымдастырылып, «Нені қалай және не үшін оқимыз» эксперсс-сұқбат өткізілді, «Жүректен сыйға тартылған кітаптар» бұрышы безендірілді. 9 ақпаннаң бастап мереке күні кітапхананың оқу залы оқырмандарға есігін айқара ашты. Көпшілігі құр алақан келмей, қуана кітап сыйлады. Кітапханашылар бұл күні барлық қатысушылар үшін жарқын және есте қаларлық оқиғаға айналдыру үшін барын салды. Кітап оқу арқылы балалар жақындарының махаббатын, достық пен меиірімділікті бағалай білуге үйренеді. Кітап ұлы тұлға болуға көмектеседі және әрине қйялды дамытады.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/180-14-a-pan-khal-araly-kitap-syjlau-k-ni-tamasha-mereke-b-l-k-ni-kitaptar-zha-a-ielerin-tabady.html#sigFreeId5802636909









