2021 жылғы «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ-нің қала мектептерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық арқылы ауыл мектептері білім алушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ Алтынсарин ауданындағы «О.Шипин атындағы ЖББМ» КММ-мен серіктестік орнату тапсырылған болатын. Соған орай қалалық білім беру ұйымдарының ауылдық ұйымдарға қамқорлығын ұйымдастыру туралы ережесі негізінде мектеп директорының орынбасары Жадыра Қалдыбайқызымен хабарласып, алдымен сауалнама алу арқылы нәтижесін зерделеп, аталмыш жұмыстың жылдық жоспары бірлесе әзірленді.
Аталған жоспарға сай Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі Алтынсарин ауданында орналасқан «О.Шипин атындағы ЖББМ» КММ-не іс-сапарға барып қайтты. Шара барысында директордың оқу, тәрбие орынбасарлары мен әлеуметтік педагог, психологтарының іс-құжаттары толығымен қарастырылып, әдістемелік көмектер ұсынылды. Сонымен қатар, іс-сапар барысында аталған оқу ордасы ұстаздарының қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/210-am-orly-a-alyn-an-mektepke-oldau-k-rsetildi.html#sigFreeId41c0cd631c









