Биыл атақты қолбасшы, қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толып отыр. Осыған орай қаламыздағы "Дала өлкесі" мұражайының қызметкерлері Терек Рауан мен Сансызбаев Елжан мектебіміздің оқушыларына арнайы келіп, Сұлтан Бибарыс жайлы видео роликтер көрсетіп, кеңінен таныту мақсатында ауқымды мағлұмат берді. Атақты қолбасшы туралы мағлұматты оқушыларымыз қызыға тыңдады.