Мектебімізде қыркүейек айының 19 жұлдызында ППВ инспекторы Полиция аға лейтенанты Құзыр Жумабеков пен құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты тақырыбында 8 сыныптар арасында арнайы жиын өткізілді.

Жиын барысында мынадай сұрақтар қаралды:

1) Әлімжеттікке жол жоқ

2) Қоғамдағы құқық бұзушылық

3) Электронды темекінің зияны

4) Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау

Құқық қорғау қызметкерлері мынаны айтып өтті: бала құқығы, қоғамдағы құқық бұзушылық, жалған қоңырау жауапкершілігі, ұсақ құқық бұзушылық, түнгі уақытта оқушылардың жүрмеуі, тарихи – мәдени ескерткіштердің, табиғи обьектілердің бұзылмау жайында мол мағлұмат берді. Заң алдында бәріміз бірдей жауап беретіндігіміз жайлы айтып берді.