Мектебімізде Еңбек күніне орай, арнайы жоспарға сәйкес, "Еңбек - өмір мәні" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл мереке әр ұрпақтың адамдарын, еліміздің игілігі үшін еңбек ететіндердің барлығын біріктіреді. Шара мақсаты: Еңбек етуші, жұмысшы, әр саладағы маман иелерін құрметтеу дәстүрлерін жандандыру және келешек ұрпаққа жас кезінен бастап еңбектің маңыздылығын ұғындыру. Іс-шара ұзақ жыл еңбектің зейнетін көріп отырған, құрметті демалсқа шыққан еңбек ардагерлерімен кездесу,сыр-сұқбат форматында ұйымдастырылды. Кездесуге саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз Жұмақанова Қарлыға Жұмақанқызы, Оразбекова Сандуғаш Адильбековна, Сейсенбаева Бахытгүл Мүслімқызы және 40 жыл бойы денсаулық саласында қызмет атқарған Жалмишева Рая Алімханқызы қатысты.