Жас мамандарға көмек.
 
       Ұстаздардың өз ісін жақсы деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше орын алып отыр. Жас мамандарға жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай жоспарлауға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету біздің негізгі міндетіміз.  
       Осы міндеттеме негізінде, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 20 күні информатика пәні мұғалімі Қалтай Нұрсұлтан Берікұлы «Күнделік KZ» электронды журналын жүргізу және толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа жаңа келген жас мамандарға семинар өткізді. Семинар барысында электронды журналға қатысты сұрақтар талқыланды (сабақтың тақырыбы мен үй жұмысын толтырылуы, бағалардың қойылуы, өткізілген сабақтың белгіленуі, күнделікті, тоқсандық, жылдық бағаның қойылуы, БЖБ мен ТЖБ  баллдарының қойылуы).
       Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны жағдайында сабақты жоспарлау және формативті бағалау әдістемесіне тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып талқылау барысында сұрақтарға жауап берілді.