2023 жылдың 13 қарашасы күні, мектебімізде, Дүниежүзілік жол-көлік апатынан қаза болған жандарды еске алу күні аясында өтілетін "Жол қозғалысы қауіпсізідігі" апталығының ашылуына арналған брифинг болып өтті.

Брифингке:
1. Арқалық қаласы Полиция Басқармасының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Балгожин Талгат Толегенович
2. Арқалық қаласы Полиция басқармасының Жергілікті Полиция Қызмет Бөлімі бастығының орынбасары Ергазин Бекнур Каратаевич
3. Арқалық қаласы Полиция Басқармасының Жергілікті Полиция Қызметі Басқармасының Ювеналды Полиция Тобы аға инспекторы – Байсалбекова Мейрамкул Жумабековна
4. Арқалық қаласы Полиция Басқармасының потрульдік полиция взводы командирінің міндетін атқарушысы полиция аға лейнетанты Тауырбаев Бейсен Есланович
5. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Усембаев Сандыбай Марденович қатысты.
Мақсаты: барша тұрғындар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алу және болдырмау; білім алушылардың жол ережесін мұқият сақтауын ескерту; өзінің және өзгенің өмірі үшін жауапты болуға тәрбиелеу; ЖЖЕ туралы білімдерін жетілдіру. Брифинг салтанатты түрде Әнұран шырқаумен бастау алып, алдын ала жергілікті ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторының қатысуымен түсірілген бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында ЖЖЕ бойынша "Жас инспекторлар" тобы мүшелері көрініс көрсетті және оқушылар мен кеш қонақтары арасында, тақырыпқа байланысты диалог алаңы ұйымдастырылды. Білім алушылармен сергіту сәті сәтті ұйымдастырылып, ЖЖЕ қатысты жұмбақтар жасырылды.
Белсенді оқушыларға тәттілер үлестірілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтілді.