Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің базасында информатика пәні мұғалімдеріне «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Озық технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Семинар барысында:

1. «Кірістірілген функциялар: мәтіндік және логикалық функциялар» - Қалтай Н.Б. информатика пәні мұғалімі.

2. «Ультрадыбыс датчигі. Жоба құру» - Жүніс Б.Е. информатика пәні мұғалімі.

3. «Условное форматирование» - Альмагамбетов Р.К. информатика пәні мұғалімі.

4. Шебер сынып. «Stem тәсіл - инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамыту» - Карашинов К.С. информатика пәні мұғалімі.

Семинарда заман ағымына сай мұғалімдер ашық сабақтарды интербелсенді тақта, түрлі платформалармен оқушының қызығушылығын ояту мақсатында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып көрсетті. Семинарда пән мұғалімдері мол тәжірибе жинақтап, мектеп ұжымына оң пікір білдірді.