Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Әкелер кеңесі" жұмыс жоспарына сәйкес "Әкем - асқар тауым" сайысы өтті. Сайыс мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасылық құндылықтарды сақтау; Байқауға 3-4 сынып оқушылары әкелерімен қатысты. Іс-шарада әке мен баланың тамаша жарасымды өнеріне тәнті болдық. Қатысушылар халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі жайлы сұрақтарға жауап берді, асық ату шеберлігі бойынша сынға түсті. Сондай-ақ, ептілік пен шапшаңдық қабілеттері де сыналды. Сайыс ережесіне сәйкес ұпай сандары бойынша "Бас жүлде" Абдрахман Рашид пен баласы Абдрахман Мұнарға бұйырды, 1 орын- Бекмаганбетов Фархат пен баласы Кикбай Нұрәли, 2 орынды Тагиров Дамир және баласы Тагиров Мансұр қанжығалады. Сайыс жеңімпаздары мектеп директорының мадақтамасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/238-kem-as-ar-tauym.html#sigFreeId9f1751e4cf









