Мектебімізде "Жылы жүрек-жақсы ниет" челленджі басталды. Бұл игі шараны 9 "В", 9 "Ә" және "Адал ұрпақ" клубы мүшелері бастаған болатын. Жақсылық жасау керуенін 10 "Г" сынып оқушылары жалғастыруды ұйғарып, қаламыздағы "Жастар" ресурстық орталығының ұйымдастырып жатқан акциясына қатысты.
Сенбі күнгі демалыстарының жартысын қала сыртында тұратын Фещук Леонид Павлович есімді қарияға көмек беруге арнады. 80 жастағы қарияның көмір тұратын сарайының алдын қардан тазалап, үйінен сарайға дейін жол салып берді. Қария балаларға өзінің еңбек жолы туралы әңгімеледі, қаламыздағы Торғай боксит-кен басқармасы мекемесінде көп жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан екен. Адал еңбегі үшін әлі күнге дейін мекеме қамқорлық жасап, көмір түсіріп беретінін айтты. Оқушыларға бүгінгі еңбегі үшін алғысын білдіріп, батасын берді. Жасалған әр жақсылық жүрекке жылу, қуаныш сыйлайды емес пе. Оқушылар да өздерінің қарияға көрсеткен қолқабысынан керемет әсер алды. Қалада туып, өскен балалардың арасында қолдарына алғаш рет күрек ұстап көргендері де болды. Демалыстарын пайдалы өткізген оқушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Осы ұсынысты бір ауыздан қолдап, оқушыларды ұйқысынан оятып, қолдарына жүрек жалғар тәттілерін ұстатып, сәттілік тілеп үйде қалған 10 "Г" сынып ата-аналарына да үлкен рақмет. Үкілеп өсіріп отырған балалары үмітін ақтап, жақсы азамат болсын деп тілеймін. "Жылы жүрек-жақсы ниет" челленджін 9 "А", 9 "Б" сыныптарына жолдаймыз.
Сынып жетекшісі Тулегенова Э.С.
Сынып жетекшісі Тулегенова Э.С.
View the embedded image gallery online at:
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/248-zhyly-zh-rek-zha-sy-niet-chellendzhi.html#sigFreeIdfbcc2f25a0
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/248-zhyly-zh-rek-zha-sy-niet-chellendzhi.html#sigFreeIdfbcc2f25a0









