16-ақпан күні блыстық Бірыңғай ата-аналар жиналысы аясында "Бала тәрбиесі-баршаға ортақ міндет" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа құрметті қонақ ретінде қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек жолын ұстаздыққа арнаған, бүгінде зейнеткерлер Қолдасбаева Зинаида Шакировна мен Бейсенбай Ержанұлы қатысты.
Күн тәртібі бойынша алғаш болып мектеп тынысы жөнінде мектеп директоры К.Мукашева сөз алып, атқарылған жұмыстар мен материалдық базаның нығайтылуы жөнінде баяндама жасады. Мектеп директоры барлық жұмыстар балалардың қолайлы жағдайда білім алуы мен балаларға білім беруде мұғалімдерге қажетті жағдайдың болуы үшін атқарылып жатқандығын айтты. Алдағы уақытта да мұндай жұмыстар өз жалғасын табатындығын айтты. Келесі кезекте балалардың арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қатігездікті болдырмау, түрлі жағымсыз жәйттардың жолын кесу жөнінде мектептің әлеуметтік педагогы мен психологы баяндама жасап, ата-аналарға қажетті кеңестер бере білді.
Бала-болашағымыз. Бала тәрбиелеу ісі-ұлы іс екендігі жөнінде шақырылған қонақтар сөз алып, қай ата-ананы болмасын, бала тәрбиесі үнемі алаңдататындығын айтып, осы орайда ата-аналар қауымын жұмылған жұдырықтай мектеп пен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқаруға шақырды. Жиналыс соңында биылғы оқу жылы барысында мектептің іс-шараларына белсенді атсалысып, мектеп атынан түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып, мектеп абыройын асқақтата білген бірқатар ата-аналарды мектеп директоры алғыс хатпен марапаттады.