2024 - 2025 оқу жылының күзгі демалысының алғашқы күнін тамаша бастады. 1 және 2 сынып оқушылары Қаламыздағы өнердің қара шаңырағы Театрда қонақта болды. Өнер майталмандары кішкентай көрермендеріне "Сиқыршы қоян" ертегісін ұсынды. Оқушылар театр әртістерінің шеберлігімен қойылған қойылымнан керемет әсер алды. Қойылым соңында әртістермен, ертегі кейіпкерлерімен бірге естелік фотоға түсті. Өнерді бағалайтын, өнерге қызығушылық танытатын өрендеріміз көп болғай.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/281-teatr-a-sayakhat.html#sigFreeIde0497798ab









