29 қазанда Сынып жетекшілер бірлестігінің №2 отырысы өтті Күн тәртібінде:
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар есебі. Бастауыш сыныптар бірлестігі жетекшісі Ешмагалиева А. Орта буын сыныптар бірлестігі жетекшісі Муханова А.Х. Жоғары сыныптар бірлестігі жетекшісі Расулова Т.С.
2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жобалары бойынша жұмыстар. Тулегенова Э.С.
3. Оқушылардың тәртібі, мектеп формасы, қауіпсіздік сабақтарының өтілуі. Ұлысбай Ш.Е.
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің №2 отырысында әр буын бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарының жүзеге асырылуы тыңдалды: қыркүйек айында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», қазан айында «Тәуелсіздік және Отаншылдық». Сынып жетекшілер атқарылған жұмыстарды постер түрінде қорғап, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Отырысты қорытындылау үшін директордың ТІЖЖО Ұлысбай Ш.Е., Тулегенова Э.С. сөз алып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс - шаралар бойынша кемшіліктер мен олқылықтарды атады. Оқу жылының 2 тоқсанында атқарылатын жұмыстар жоспарымен, міндеттермен таныстырды. Отырыс соңында қазіргі таңда танымал әндерінің біріне арналған «Менің досым» әніне шығарылған өлеңді сынып жетекшілер хормен шырқады.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/283-synyp-zhetekshiler-birlestigini-2-otyrysy.html#sigFreeId7d3fe2135c









