2024 жылдың 29 қазан күні жоспарға сәйкес Педагогикалық кеңес өтті. Кеңес күнтәртібінде: 1 - тоқсан қорытындысы бойынша оқыту сапасының нәтижелері; «Жаңартылған біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылу жолдары; Дарынды оқушылардың олимпиадаларға қатысу нәтижесі; Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және әлеуметтік педагог пен педагог - психологтың бірлескен жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәселелер қаралды. Кеңес соңында күнтәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешімі шығарылып, ұсыныстар берілді.