Тал егу – табиғатты аялау. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді. Тал – бейбітшілік нышаны, нәзік табиғатты қорғаудың жарқын үлгісі. Мектеп ауласына  жиырма тал отырғызылды. Бұл игі бастама жылдан жылға жалғасын табары сөзсіз. Туған жеріміздің тал-терегін жайқалтып, айналамыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы.