Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған облыстық «Үздік ресурстық орталығы» байқауна мектебізден директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Байахмет Талғат Жауынгерұлы қатысып жүлделі ІІІ орын иеленіп келді.

Байқаудың мақсаты: ресурстық орталықтардың (бұдан әрі – РО) қызметінінің білім деңгейін көтерудегі нәтижелілігін бағалау және шағын жинақты тірек мектептерде (бұдан әрі - ШЖМ) білім алушыларды әлеуметтендіру;
Міндеттері:
– РО басқарушылық, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметінде жаңа педагогикалық идеялар мен инновациялық тәсілдерді іздеу;
– РО қызметін ұйымдастыру тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату;
– оқытудың заманауи әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен қашықтықтан оқыту әдістемелерін қолданудың тиімділігін анықтау;
– РО және ШЖМ педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру;
– әлеуметтік серіктестікті дамыту, желілік кәсіби қоғамдастық құру.