«Мемлекеттік тіл этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде» жобасын іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мемлекеттік тілді оқыту және медиасауаттылықты арттыру бағдарламасын іске асыру аясында түрлі этнос өкілдері үшін «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өткізілді.
Жоба мақсаты:
- әртүрлі этнос өкілдері арасында қазақ тілін білуді насихаттау арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, мемлекеттік тілді үйрену;
- түрлі этнос өкілдері болып табылатын жастарды мемлекеттік тілді үйренуге, сондай-ақ оның қоғамдағы рөлін арттыруға шақыру.
- қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастық негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісі мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастарды дамыту және біріктіру.
Жоба наурыз айынан қазан айы аралығында 7 кезеңмен жүргізілді.Осы жобаға мектебіміздің 8 "В" сынып оқушылары Микильсон Александра мен Сенькина Янна қатысып, Сенькина Янна үздік 5 қатысушы қатарынан табылып, 100 000теңге сертификатын ұтты.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова Асима Хамитовна
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/287-memlekettik-tilge-zheti-adam.html#sigFreeIdc0d901875c









