Биылғы Кейкі батыр атындағы 4 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар бірлестігі үшін жемісті, жеңісті жыл болғалы тұр. Жақында өткен республикалық “ Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсының қалалық кезеңінен 1-орын, республикалық мұғалімдер арасында математика пәні бойынша “Алтын тұғыр” олимпиадасының қалалық кезеңінен 1-орын алған бастауыш сынып мұғалімі Егінбаева Айнұр Қапарқызы облысқа жолдама алса, республикалық “Шығармашыл бастауыш сынып мұғалімі” байқауына қатысып, қалалық кезеңнен 1-орын алған Ибраева Жансая Жақсыбайқызы да облысқа аттанбақшы.
Сонымен қатар оқушыларымыз да жетістіктерімен қуантып жатыр. Атап айтсақ, республикалық “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінен 1-орын алған 4”Б” сыныбының оқушысы Нағашыбай Мансұр облыстық кезеңге өтті. Жетекшісі Баязитова Гүлім Сейтбекқызы. Оқу-біліммен қатар ғылыммен де айналысып жүрген оқушыларымыз бар. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің “Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі” бірлестігінің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларының арасында өткен “Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту” атты қалалық ғылыми жобада І орын иеленген 4 “Г” сынып оқушысы Ержан Айсұлтан. Ғылыми жетекшісі Ешмгалиева Аруна.
3-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық “Зерде”зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі бойынша 4”В”сынып оқушысы Машкин Данил 2-орын алса, жетекшісі Пашкеева Регина Геннадьевна, 3-орынды 4”Ә”сынып оқушысы Кикбай Нұрай иеленді. Жетекшісі Ибраева Жансая Жақсыбайқызы.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/289-zhetistikter-zhyly.html#sigFreeIdf869168c70









